Түркістанның әкімі құрылыс жұмыстарын бақылауға алды

0
788

Бірқатар істердің орындалу барысына сын айтты.


Түркістанның әкімі құрылыс жұмыстарын бақылауға алды

Рашид Аюпов Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облсының орталығы Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы шаһардағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын бақылап, бірқатар істердің орындалу барысына сын айтты.

Атап өтсек, бақылау барысында қала басшысы жасыл желектер мен ағаштардың қуарғаны және көгалдың уақытылы қырқылмауы салдарын болдырмауды қатаң ескертті. Одан бөлек, белгіленген жоспар бойынша қызметкерлердің жұмысын қадағалап, дұрыс күтім жасалуы қажеттілігін де сөз болды. Одан өзге, қала көшелерінің бойындағы веложолдардың түсін қайта жаңартып, асфальті жарамсыз болған жерлерді қайта қалпына келтіруді айтты.

Сондай-ақ, рухани астанада жаңадан салынған "Қабылдау орталығы" мен бассейні бар спорт кешенін, аттракциондар саябағын және кесене аумағын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың кемшіліктерін реттеуді тапсырды. Яғни, жерге орнатылатын тастарды сапалы етіп, жұмысына салғырт қараған мердігерлер есебінен қайта қалпына келтіру жайын сөз етті. Және де әр іске жанашырлық таныту маңызы айтылып, жауапты бөлім басшыларына қатаң ескерту берді.