Түркістан мен Шымкентте "Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа филиалы ашылды

0
2 917

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады


Түркістан мен Шымкентте

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында өзгерістер орын алды. Аймақтың қайта құрылуына, Шымкент қаласы республикалық мәртебесін алып, ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгендігіне байланысты, мемлекеттік корпорацияда жаңа филиал пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оның ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша әкімшілігі Түркістан қаласы, Төле би көш, 63 ғимарат. индекс 161200, Реквизиттері: БСН 180541003290, KZ446010291000066755, БСК HSBKKKZKХ заңды мекенжайына ауыстырылды.
Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді мамандандырылған ХҚО мен көші-қон орталықтарын қоса алғанда жалпы саны 10 фронт-офисті құрайтын ХҚО-дан ала алады. Шымкент қалалық филиалдың заңды мекен-жайы: индекс 160011, Шымкент қ, Әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көш, 1/16 ғимарат. Реквизиттері БСН 180941014697, БСК HSBKKZKX.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық қызметтері оның ішінде субсидиялау бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, медицина, құрылыс саласы және оралман мәртебесін алу үшін рұқсат беру құжаттарын оның ішінде лицензия және хабарлама дайындау мемлекеттік қызметтері бойынша аймақтық ХҚО-ға жүгіну қажет.