"Жастар жылынан" жастар мол үміт күтеді

0
2 395

Президентіміздің 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы жастарға шабыт беріп, ойын тақырыбына арқау болды. Жастар өзекті мәселелерді қозғай отырып, келесі жастар жылынан күтетін ұсыныстарын да қамтып өтті.


фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде қала және ауыл жастары арасында «Жастар жылы: үміт үлкен, сенім мол» тақырыбында көңілді тапқырлар ойыны өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында. Жастардың бұл тақырыпты таңдап, іс-шара өткізудегі негізгі мақсаттары да Елбасын қолдау болып отыр.

Президентіміздің 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауы жастарға шабыт беріп, ойын тақырыбына арқау болды. Жастар өзекті мәселелерді қозғай отырып, келесі жастар жылынан күтетін ұсыныстарын да қамтып өтті.
Тартысты ойын нәтижесінде «АГТК» командасы үздік деп танылып жүлделі І орынды қанжығасына байлады. «Дермене жастары» командасы ІІ орын алса, «Ұлы дала балалары» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.