Аптап ЫСТЫҚТАН қорғанудың 20 ТӘСІЛІ

0
3 092

Үй мен жұмыс кабинетіңіз ыстық болмасын десеңіз, мына әдісті қолданыңыз.


Аптап ЫСТЫҚТАН қорғанудың 20 ТӘСІЛІ

Әне-міне дегенше жаздың екінші аптасы да басталып кетті. Демек алда аптап ыстықты күндер күтіп тұр деген сөз. Ал ыстықтан қорғану үшін қазіргі кезде көпшілігіміз кондиционердің көмегіне жүгінетініміз жасырын емес. Бірақ кондиционер – салқындаудың қымбат жолы ғана емес, сондай-ақ оның денсаулыққа да кері әсері бар екені де жасырын емес. Алайда кондиционерсіз де салқындаудың түрлі жолдары бар. Ендеше үйде, жұмыста, көлікте аптап ыстықтан қалай қорғанудың жолдарын біле жүрген артық болмайды.


Үйді салқын ұстау үшін не істеу керек?

  • Терезелерді таңертең ерте және кешкі мезгілде ашып желдетіп алу керек.
  • Жарық шамдарын диодты шамдарға ауыстырған жөн. Олар жарық шамдарға қарағанда жылуды өте аз бөледі.
  • Күннің ыстығы ұйқыға бөгет болып, мазаңыз қашса, онда төсек орын жабынын жатардан 1-2 сағат алдын пакет қалтаға салып, тоңазытқышқа салып қою керек. Мұздатқышқа салуға болмайды.
  • Күннің ыстығында еденді күніне 2-3 рет ылғалдап сүртіп тұрған дұрыс, әрине уақыт болса...
  • Аптап ыстықта бөлмелерде артық, майда, ұсақ-түйек заттардың көп болмауына мән беріңіз. Мысалы, мүсін, картиналар т.б. Олар шаңды көбірек тартып бөлменің ауасын тарылтады.
  • Ірі жапырақты бөлме гүлдері де салқындауға жақсы көмек. Ол үшін гүлдердің жапырақтарына су бүркіп тұру қажет. Бірақ күніне 2 реттен артық себуге болмайды.
  • Терезеге фольга қағазын жапсыруға болады. Бұл ыстықтың тікелей бөлмеге енуінен қорғайды.
  • Терезеден енген күн сәулесі бөлме температурасын 3-7 градусқа дейін көтеріп жібереді.
  • Көпқабатты үйде жуынатын бөлмедегі кептіруге арналған құбырдан ыстық бөлініп тұратынын білеміз. Сондықтан оны фольга қағазымен орап қойған жөн. Бұл ыстықтың бөлме ішіне таралуын біршама бәсеңдетеді.
  • Пластик бөтелкелерге мұз қатырып, терезе алдына қойып қою да үйді біршама салқындатады.


Жұмыс орнында ыстықтан қорғану

  • Күн ыстықта сыртқа шыққанда бірінші кезекте жеңіл, кең және ашық түсті киім киюге тырысқан жөн.
  • Егер жұмыс орнына дейін жаяу баратын болсаңыз немесе қоғамдық көлікте біршама уақытыңыз кететін болса, онда таңертең өзіңізбен бірге мұзды су алып алғаныңыз дұрыс. Мұз жәймен еріп, салқындықты тудырады. Сондай-ақ аз-аздан салқын су ішіп ішіңіз де салқындап қалады.
  • Жұмыс орнында салқындатқыш болмаса, қасыңызға су толы кішірек ыдыс қойып қойыңыз. Ыдыс ішіндегі су буланып бөлмені салқын ұстауға біршама септігін тигізеді.
  • Өзіңізге ыңғайлы бүріккіш (пульверизатор) алып, жиі-жиі айналаңызға, ауаға су бүркіп тұрыңыз.
  • Жұмыс орнына да бөлме гүлдерін өсіруге тырысыңыз. Соларға жиі су бүркіп тұрыңыз. Бұл бөлмедегі ылғалды жақсы ұстайды.


Жалпы кеңес

  • Мүмкіндік болса күн ыстықта көк шөп пен жерде жалаң аяқ жүруге тырысу керек.
  • Судың орнын көкөніс пен жеміс-жидектермен алмастырған жөн. Олар шөл қандырып қана қоймайды, ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдарды да береді.
  • Құрма мен банан және ақ, жасыл түсті көкөністер салқындық әсерге ие.
  • Қатты ыстықта лиммон қосылған, минералды су ішкен дұрыс. Лимонад, кофе секілді сусындарды пайдаланбауға тырысыңыз. Оның құрамындағы қант қан қысымының жоғарылауына әкеледі.



Оқи отырыңыз: Нан КӨГЕРІП, ҚАТЫП немесе арасы БЫЛЖЫРАП кетпесін десеңіз...

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.