Егер коктейль немесе смузиді мұз салып жасағыңыз келсе, онда блендеріңіздің соған сай функциясы бар жоғын қарап алыңыз.
Қазір блендерді көптеген қыз-келіншектің асханасынан кездестіруге болады. Алайда оның түрлері өте көп болғандықтан таңдауда қиналып жататынымыз бар. Бұл затты сатып алғанда неге назар аудару керек?
Блендерлер негізгі екі түрге бөлінеді:
Батырмалы (қол блендері) – тұрмыстық тапсырмалардың көпшілігі үшін оңтайлы. Оның көмегімен сорпаны, езбені және түрлі тұздықтарды ыдысында араластырып, езіп алуға болады.Сондай-ақсмузи мен коктейл дайындауға да болады. Кейбір күштірек үлгідегі түрлерінде қосымша ұнтақтағыш -ыдысы мен жеміс пен көкөністерді турауға арналған арнайы пышағы болады. Мұндай блендермен салатқа көкөністер турап, тіпті қамырды сұйық етіп араластыруға болады.
Стационарлық – азық-түліктің үлкен көлемін игере алады. Блендерді езбе, сорпа, тұздық дайындаумен бірге, қамыр илеп, көкөніс кесуге де пайдалана аласыз. Стационарлық блендерлердің сорпа дайындауға болатын түрлері де бар. Ол қажетті заттарды езіп қана қоймай, оларды қайнатып, сорпаны пісіріп береді.
Батырмалы блендерді қалай таңдау керек
Мүмкіндіктеріне қарай блендерлердің бір-бірінен өте үлкен айырмашылығы бар. Кейбір түрлері тек сұйықтықтарды араластыруға арналса, енді бірі кофені ұнтақтай алады. Блендерді таңдағанда неге назар аудару керек?
Қуат
Бұл ең басты белгі. Құрылғының қуаты 140 тан 2000 Вт дейін. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын блендер жылдам жұмыс істейді және қызып кетпейді. Қуаты күшті блендерге мұз ұсақтап, етті жентектеуге болады.
- 300-500Вт қуатты блендермен жұмыртқаны шайқап, коктейлдер жасауға болады.
- 1000Вт жоғары қуатты блендер қатты азықтарды ұсақтауға, қамыр илеуге, ет жентектеуге жарайды.
-500-1000Вт қуатты блендер коктейль, смузи дайындауға және көкөністер мен жемістерді (мұздатылғандарды да) ұсақтауға, сұйық қамыр дайындауға, дәнектерді ұнтақтай алады.
Блендер тостағының материалы және сыртқы тұрқы
Сыртқы тұрқы пластик, метал немесе аралас болуы мүмкін. Метал түрі басқаларына қарағанда берік болады және соған сай бағасы жоғары. Пластик – жылы және қолға жағымды. Егер пластик ыдыс астында резеңке қойғыш болса, онда ол қолдан сырғымайды. Тек ол уақыт өте бұлыңғырланып, сызат түсіп жатады.
Сондай-ақ метал мен пластик араласқан түрі де болады. Мұндай тостаған жоғары жүктемеге шыдай бермейді. Сондықтан ең дұрысы метал нұсқасы. Ол тіпті ыстық, сұйық секілді тағамдарға да шыдас береді және құлаған кезде сынады деп қорықпайсыз. Сонымен бірге, метал қондырманы (насадка) тазалау өте оңай, артық иіс шықпайды.
Жылдамдық және режим
Батырмалы блендердің жылдамдығы 1 ден 30-ға дейін болады. Оның жылдамдығы жоғары болған сайын, пышағының дәлдігін туралау оңай болады. Жан-жаққа шашырамай,қажетті уақытта қалағаныңыздай ұнтақтап, араластырып береді.
Егер қарапайым және мықты құралды қаласаңыз, онда бір-екі ғана жылдамдық режимі бар блендер таңдаңыз. Ол көптеген тапсырмаларды орындайды.
Кейбір блендерлерде жылдамдық болмайды, айналымы біртіндеп жоғарылайды. Бұл да қолдануға өте ыңғайлы.
Батырмалы блендерлерда қажетті тағы екі режим болады:
Турборежим – пышақты жоғарғы жылдамдықта айналдыруға болады. Мысалы дайын қоспаға үстінен бірнәрсе қосу керек болғанда, салып жылдам езіп жіберуге болады.
Импульсті режим – қатты азықтарды турағанда құрылғыны қызып кетуден сақтайды. Мұндай режимде пышақ әдеттегіден жылдам айналады.
Қондырма түрлері
Блендердің қондырмасы көп болған сайын оның мүмкіндіктері де көбейеді. Қарапайым блендерде негізгі үш қондырма болады: блендердің өз пышағы, бұлғауыш және ұнтақтағыш. Негізгі қондырмамен түрлі азықтардан езбе жасауға болады. Бұлғауышпен ақуызды араластырып, сұйық қамыр дайындайсыз, ал ұнтақтағышта ен жентектеуге болады.
Тағы бір пайдалы қондырма – вакуумді сорғы. Ол тағамдар ұзақ сақталу үшін пакет қалташа мен пластик контейнер ішіндегі ауаны сорып алуға көмектеседі. Сондай-ақ жинақ ішінде кофе ұнтақтағыш, көкөніс пен жемістерді турауға арналған арнайы пышағы бар қондырмалар да болады.
Стационарлық блендер таңдау
Стационарлық блендерлер сипаттамасы батырмалы блендермен өте ұқсас келеді. Басты айырмашылық стационарлық блендер батырмалыға қарағанда қызметі күрделірек және қуаты күшті.
Тағы неге назар аудару қажет
Негізгі параметрлерінен басқа да назар аударатын сипаттамалары бар. Құралдың ыңғайлылығы және беріктігі де соған байланысты болады.
Мұзды ұнтақтау
Бұл оңай істелетін нәрсе емес. Егер коктейль немесе смузиді мұз салып жасағыңыз келсе, онда блендеріңіздің соған сай функциясы бар жоғын қарап алыңыз. Олай болмаған жағдайда құралды бұзып алу қаупі жоғары.
Кейбір блендер түрлерінде өлшеуіш стақаны болады. Оны елеусіз қалдырмай пайдаланған дұрыс.
Дайындаған: Э. Базарбаева