Қазтамақ (герань) гүлі жақсы өсу үшін ПИЯЗ қабығы керек

0
6 598

Гүл жақсы өсуі үшін оны қоректендіру маңызды.


Қазтамақ (герань) гүлі жақсы өсу үшін ПИЯЗ қабығы керек

Қазтамақ гүлі туралы бұдан алдын жазған болатынбыз. Ол жерде қазтамақ гүлінің түрлері және оны ыдыстан ыдысқа отырғызу жөніндегі біршама кеңестер жазылған. Бұл жолы қазтамақ гүлінің күтімі, баптау жолдары және берілетін тыңайтқыштар туралы түрлі қажетті кеңестер біле аласыздар.


Қазтамақ гүлін немен қоректендірген дұрыс?

Гүл жақсы өсуі үшін оны қоректендіру маңызды. Алайда ол үшін жаңа органикалық тыңайтқыштарды қолдануға болмайды. Ең дұрысы арнайы дүкеннен қазтамақ гүліне арналған тыңайтқыш алған жөн. Сондай-ақ «әмбебап», «гүлдейтін гүлдерге арналған» тыңайтқыштар да жақсы көмектеседі.

Халық әдісі
Сүт. Қазтамақ гүлі сүтті тыңайтқышты жақсы көреді. Сүттің құрамында кальций, магний, фосфор, натрий, майлы қышқылдар бар. Гүлді сүтпен қоректендіру үшін, 1литр суға 100мл сүт араластырып, дайын болған қоспамен гүлді жай суғарумен кезектестіріп суғарып отыру керек. Бір рет сүт қоспасымен суғарған соң үш рет кәдімгі сумен суғарылады.
Ашытқы. Ашытқымен қоректендіру де жақсы нәтиже береді. Ол үшін 3гр ашытқыға екі ас қасық қант қосып 1 литр суға салып араластыру керек.
Камфора майы. Қазтамақ гүлінің жақсы өсуіне көмекші. Ол үшін 1 литр суға 1 шай қасық камфора майын араластырып гүлдің түбіне құйып суғарада немесе жапырақтарына бүркиді.
Банан қабықтары. Бананның қабығын алдымен құрғатып, кептіріп алу керек. Құрғаған қабықты үгітіп немесе блендрмен ұсақтап 1 литр суға араластырылады. Қосымша жұмыртқаның қабығын қосуға болады. Қоспаны 3 сағат тұндырып, тұнған соң сүзіп гүлдің жапырақтарына бүрку қажет. Бұлай қоректендіру 2 аптада 1 рет жасалады.
Йод. Йод таза күйінде тамырды күйдіріп жібереді. Сондықтан 1 литр суға 5мг йод араластырылып, қоспа дайындалады. Қоспаның 50мл 1 гүлдің түбіне пайдаланады.
Йод және сутек асқын тотығы. Қазтамақ гүлі жақсы өсуі үшін йод және сутек асқын тотығын пайдалану керек. Ол үшін 1 литр суға 1 тамшы йод және 2мл сутек асқын тотығын қосады. Бұл қоспаны тек тамыр айналасына құяды. Ол гүлдің өскіндері мен гүлдеріне тиіп кетпеуі керек. 1 ыдыстағы гүлге 60мл қоспа құйылады. Келесі қоспаны 3 аптадан кейін ғана құю керек.
Жұмыртқа ақуызы. Жарты стақан суға жұмыртқаның сарысынан ажыратылған ақуыз араластырылады. Стақанды ернеуіне дейін толтырып жылы су құйылады. 1 апта қараңғы бөлмеге қою қажет. Дайын болған соң 2л суға тұнбаны қосып араластырып, гүлді суғарамыз. Келесі суғаруды тек 2 апта өткен соң жасау керек.
Шай. Пайдаланылған шай қалдығын 1:1 мөлшерде ағаш күлімен араластырып алу керек. Қоспаны ыдыстағы гүлдің түбіне салып беткі топырағымен араластырылады. Мұндай қоректендіруден соң гүл белсенді өсе бастайды. Сондай ақ шай қалдығын гүлді қайта ауыстырып отырғызған кезде де топыраққа араластырып жіберуге болады.
Пияз қабығы. Пияздың қабығы каротин, фитонцид секілді пайдалы заттар мен дәрумендер жиынтығына бай келеді. Пияз қабығы гүлді түрлі зиянкестер мен аурудан сақтайды. Эмальды ыдысқа 1,5л су құйып 1уыс құрғақ пияз қабықтарын салып, 7 минут қайнатамыз. Тұнба салқындаған соң гүлдің жапырақтары мен түбіне себу керек.
Апелсин қабығы. Цитрусты өнімдердің қабықтарында лимонен секілді пайдалы зат бар. Лимонен көптеген зиянкестерді жояды. Қабықтарды ұсақтап үстіне ыстық су құйып 4-5 сағат тұндырып гүлдерді суғарады.
Су мен қант. Қазтамақ тәттіні жақсы көретін гүлдердің бірі. Шырынды дайындау үшін 1 л суға 3 ас қасық қантты толтырмай салып араластыру керек. Дайын болған шырынды гүлдің түбіне құяды.

Қазтамақ гүлін көбейту
Қазтамақ гүлін көбейтудің 3 жолы бар:
Қаламшалау арқылы көбейту. Бұл ең көп таралған тәсілдердің бірі. Көбейту алдында негізі гүлді дайындықтан өткізеді. Ол үшін 2 апта алдын гүлді күл ерітіндісімен қоректендірген дұрыс. 1л суға 2 ас қасық күлді араластырып суғару керек. Осыдан кейін гүлді суғару тоқтатылып, жарық аз түсетін жереге қойылады. Екі аптадан кейін таза пышақпен гүлдің жоғарғы бөлігінен кесіп алуға болады. Кесіп алған гүлді 4 сағат қараңғы жерде ұстау керек. Бұл кескен жер шірімеу үшін қажет. 4 сағаттан соң кескен жерде қорғаныш қабаты пайда болады. Осыдан кейін белсендірілген көмірді (активированный уголь) ұсақтап аз сумен араластырып кесілген жерлерге жаққан жөн. Гүлді отырғызбай тұрып алдымен топыраққа қайнаған су құйып залалсыздандырып алған жөн. Ыдыстың түбіне қыш немесе пенопласт бөліктерін тастап бетіне топырақты салынады. Гүлді қондырып болған соң оны қараңғы бөлмеде үш күн ұстау қажет. Тек содан кейін ғана жарық бірақ күн тікелей түспейтін жерге қою керек.
Дәннен көбейту - Қазтамақ гүлін дәннен көбейту кең таралмаған әдіс, бірақ өте қарапайым. Тек ол үшін гүл отырғызатын топырақ електен өткізіледі. Еленген топыраққа су сеуіп ылғалды етіп ыдысқа саламыз. Бетін тегістеп дәнді салып ыдыстың бетін жауып жылы, қаранңғы жерге қою керек. Гүлді қойған жердің температурасы 20-22градус болуы тиіс. Дәндер өсіп шыққанын байқаған соң оның бетін ашып салқындау жерге қойғаны дұрыс.
Тамырлап көбейту - Егер қазтамақ гүлінің түп жағынан тамыры бар майда өскіндер пайда болса оны бөлек алып отырғызуға болады. Тамыры бар гүлді қондыру үшін қарапайым топырақ жарайды.

Қазтамақ гүлі молынан гүлдеу үшін қалай дұрыс кесу керек
Кесу – өсімдікті күтудің маңызды бір бөлігі. Кесуді гүл қатты өсіп кетпей тұрған кезде жасау керек.
Қыста кесу – бұл желтоқсан айында жасалады. Барлық гүлдеп болған бұталарды сарғайған жапырақтарды кесіп тастау қажет. Негізгі сабақтың бас жағын да қырқып алған дұрыс.
Көктемгі кесу - Ақпан айынан наурыз басталғанға дейін жүргізіледі. Бұл кезде тек гүлді шамалы қалыпқа келтіріп қана қою қажет.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыздар: Қазтамақ (герань) гүлін ҮЙДЕ өсіру үшін МЫНАНЫ білу керек