Перделерді шешіп алудың қажеті жоқ.
Үйдің сәнін пердесіз елестету мүмкін емес. Әрине сәннің орны бөлек, ал оның күтімі кез келген қыз-келіншектің үлкен мәселесі. Әсіресе қазіргі кездегі сәндегі ауыр, қалың маталардан тігілетін қабат-қабат перделерді жуып тазарту қиын-ақ. Мұндай кезде перделерді ілгішінен шешпей-ақ тазартуға болады. Төменде перделерді қарапайым, тиімді жолмен ілгіштен шешпей-ақ тазарту жолдарын ұсынамыз.
Перделерді тазартудағы жалпы кеңес
Перделерді жиі тазартып отыру олардың әдемі қалпын ұзақ сақтап, қызмет ету уақытын ұзартады. Алайда кір жуатын машинамен немесе қолмен жиі жуу маталарды бүлдіруі мүмкін. Сондай-ақ перделерді жиі шешіп қайта ілу қиын жұмыстардың бірі.
Мамандар пердені тұрған жерінде тазарту үшін шаңсорғыш пен бу генераторын пайдалануды ұсынады. Бұл перденің жаңа леп беріп және қымбат матаның бүлінуінен сақтайды. Тек ол үшін шаңсорғыштың арнайы шеткасын пайдалану қажет. Әрбір қалтарыстарын мұқият тазартқан жөн. Мұндай тазартуды ең кемі 3 айда бір жасаған дұрыс. Ал үнемі жасалатын үй тазарту жұмыстары кезінде пердені сілкіп, шаңын қағып отыру керек. Бұл шаң тозаңның матаға терең сіңіп кетпеуі үшін.
Сонымен қатар кез-келген пердені тазарту кезінде, оның матасы үшін қандай әдіс тиімді екенін біліп, ескеру керек. Себебі кейбір маталар жәй құрғақ күйінде тазарса, кейбірін сықпай жуу қажет болады. Ал кейбірін жібітуге болмайды. Мысалы, барқыт матадағы перделерді тек арнайы жұмсақ шөткемен құрғақ күйінде тазарту керек. Сонымен қатар пердені ілгштен шешпей тазарту кезінде оларды ұстап тұратын ілгіш пен бекіткіштерді де жұмсақ ылғалды шүберекпен сүртіп алған дұрыс.
Құрғақ тазарту
Шаңсорғыштың арнайы қондырмасын кигізу арқылы немесе жұмсақ шүберекпен жасалады. Тазартудың мұндай тәсілі кез-келген матаға жарай береді. Тек шаңсорғышты ең жәй күшіне қою керек.
Бумен тазарту
Егер мата салбырап кетпейтін болса ғана бумен тазарту әдісін қолдануға болады. Сондай-ақ пердедегі шаң қалың, біраздан бері тазаланбаған болса онда оны бумен тазартуға болмайды. Ол керісінше, шаңның қатпарланып матаға тереңірек сіңуіне көмектеседі.
Сабынды сумен ылғалды тазарту
Мұндай тәсілді пердеге дақ тигенде, құрғақ тазалауға кетпеген жағдайда қолдану керек. Тек мата ылғалға өзгермейтін, созылып реңін бермейтін болуы керек. Пердені сабынды сумен сүртіп, тазалау оның өңін аша түседі. Сонымен қатар егер пердедегі дақ сабынды суға кетпесе, онда дақкетіргішті (пятновыводитель) пайдалануғаболады.
МАҢЫЗДЫ! Бумен тазартқыш немесе дақкетіргішті пайдаланар алдында міндетті түрде матаның білінбейтін тұсына тест жасап көрген дұрыс.
Қарапайым мата перделерді тазарту
Классикалық үлгідегі қарапайым перделерді құрғақ тазарту, оны жуып тазалағандай болмайды. Бұл матаның негізгі құрылымына байланысты. Олар өзіне шаң тозаңды тез тартып, жағымсыз иіс пайда бола бастайды. Әсіресе ас үйде тұратын перделер. Оларды құрғақ тазарту уақытша ғана жүргізіледі. Мамандар мұндай перделердің аптасына бір рет шаңын қағып тұруды ұсынады. Қарапайым мата перделер жеңіл болғандықтан оларды жуып, үтіктеп қайта ілу аса бір қиындық туғызбайды.
Рим перделері
Бұл перделер өзінің ыңғайлы көлемі және заманауи үлгісімен ерекшеленеді. Көбіне мұндай перделер ілгіште тұрған жерінен тазартылады. Бірақ жақсылап тазарту жұмыстары матаның үлгісіне қарай жасалады.
Жгут немесе бамбук матадағы перделерді жууға болмайды. Сондықтан оларды тазартуға жұмсақ шүберек пен шаңсорғыш қолданылады.
Ал егер мата жоғары температура мен ылғалға төзімді болса, онда оны тазарту үшін бумен тазартқыш қолданылады.
Орамалы (ролл) перделер
Егер мұндай перделер қарапайым маталардан жасалса, онда оларды тазарту үшін жууға болады. Ал винилді болса онда ілгіштен шешпей-ақ ылғалды шүберек немесе шаңсорғышпен тазартуға болады.
Плиссе
Жапондық үлгідегі желпуішке ұқсайтын перде. Мұндай перделер көбіне кішкентай терезелерге арналған. Перденің ерекшелігі – ол арнайы шаң жинамайтын материалдан жасалады.
МАҢЫЗДЫ! Егер терезеңізде плиссе пердесі тұрса, онда оны белсенді жуу құралдарымен тазартып, жууға болмайды. Себебі ондай құралдар материалдың бүлінуіне және қорғанныш қабатының жоғалуына әкеледі.
Пердені тазартуың халық арасындағы тәсілдері
- Тұз – шарап пен май дақтарын өте тиімді тазартады. Тек егер дақ ескі емес, жаңа тиген болса.
- Кір сабын – дақтардың көптеген түрімен тиімді күреседі. Ол үшін дақ тиген жерге шамалы сүртіп, ысқылап, шайып тастаған дұрыс.
- Спирт – майлы дақтарға қарсы қолданылады.
- Жанармай – бояу мен май дақтарын жақсы кетіреді.
Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!
Дайындаған: Эльмира Базарбаева,
Тағы оқыңыз: ҰМЫТПАҢЫЗ! Көктемде ӘР ӘЙЕЛ істеуі тиіс ШАРУА