Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

0
342

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.


Ақмола облысында 100 шақты турист құтқарылды

ERNUR.KZ. Бурабай ауданында 2 туристік автобус лайға батып қалған, деп жазады inbusiness.kz


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобустар Астанадан шыққан.

Жаңбырдан кейін дала жолы лайға айналып, көліктер жүріп өте алмай қалған. Автобустарда барлығы 99 жолаушы болған.

Хабар түсе салысымен құтқарушылар оқиға орнына аттанып, арнайы техникамен автобустарды жолдың таза бөлігіне сүйреп шығарды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Туристер жолын әрі қарай жалғастырды.