ШӘУГІМНІҢ қағын КАРТОПТЫҢ ҚАБЫҒЫ жақсы тазартады

0
3 941

Аршылған қабықтарды тастамай кәдеге жаратуға болады.


ШӘУГІМНІҢ қағын КАРТОПТЫҢ ҚАБЫҒЫ жақсы тазартады

Күннің ыстығында әрі мына өршіп тұрған тұмауды сұйықтықпен шығару тәсілдері белгілі болғанда, шәугімде шәйға арналған судың жиі қайнатылып жатқаны белгілі. Суды жиі қайнатқан шәугім іші қаққа тола бастайды. Ал шәугімге тұрған қақты тазарту оңай жұмыс емес. Біріміз оны пышақпен немесе қатты затпен қырнап алсақ, енді біріміз ыстық жалынға сусыз қайнатамыз, ас содасымен тазартып, жиі-жиі жуып жатамыз.


Шәугімдегі қақты тазартудың түрлі тәсілдері бар: қарапайым, экологиялық таза, хош иісті, тәтті т.б. Ендеше шәугім қақсыз тап-таза болып жарқырап тұру үшін төмендегі тәсілдердің бірін пайдаланып көріңіз.


  • Қолда бар заттарды қолдану

Төмендегі тәсіл классикалық үлгідегі, яғни отқа, газға қойылып жүрген қарапайым шәугімді тазартуға арналған. Ол үшін, 100 мл 9% сіркесуы және 1 литр су қажет.

Алдымен су мен сіркесуды араластырып, шәугімге құямыз. Шәугімді баяу отқа қойып, қайнату керек. Қақ өзі көтеріліп түсуі қажет. Егер әсері дұрыс болмаса, қайта қайнатып жібереді. Суыған соң шәугімді жуып тазартып ала беруге болады. Шәугімді пайдаланар алдында 1-2 мәрте су қайнатып төгіп тастау керектігін ұмытпаймыз. Бұл сіркесудың иісінің толық кетуі үшін қажет.


  • Лимон қақты тазартады әрі шәугімнен ұзақ уақыт хош иіс аңқып тұрады

Бұл тәсіл классикалық және электрлі шәугімдерге арналған. Қақты тазарту үшін, 2 ас қасық лимон қышқылы және шәугім толы су қажет.

Лимон қышқылы - сіркесу секілді өткір иісті емес, ол керісінше тартымды, тәбеташар болады. Сондықтан қазіргі кезде дәл осы тәсіл қыз-келіншектер арасында кеңінен қолданылады екен. Ол үшін Шәугім толы суға лимон қышқылын салып, бір қайнатып өшіреміз. Шамалы суығанша күтіп, тазартып алу керек. Артынан лимон қышқылының қалдықтары қалмас үшін, 1-2 рет шәугімге су қайнатып төгіп тастаған жөн.

Источник: www.shutterstock.com


  • Ең қарапайым тәсіл

Бұл классикалық үлгідегі шәугімге арналған. Ол үшін 1л газды су қажет. Тек бұл тәсіл өте қатты қақты кетіре алмайтынын ескеріңіз, тек жаңадан тұрған қақтар үшін тиімді. Шәугімге газды суды құйып қайнату керек. Шамалы суыған соң тазартып, шайып алу керек.

Ескеріңіз: бояғыш заттары бар газды суды (кола, фанта) пайдаланбаған дұрыс, ол шәугім ішінде өз дақтарын қалдыруы мүмкін.


  • Картоп қабығымен де тазартуға болады

Мұндай экологиялық таза тазарту тәсілі - эмальді және темір шәугімдерге арналған. Ол үшін 3-4 орташа көлемдегі картоптың қабығы қажет. Тек бұл тәсіл жаңадан тұрып келе жатқан қаққа ғана жарайды.

Алдымен картоп қабықтарын мұқият жуып алу керек, онда ешқандай топырақ, құм қалмағаны дұрыс. Жуылған қабықтарды шәугім ішіне салып, үстінен су құямыз. Қайнап шыққан соң отты өшіріп, 2-3 сағатқа қалдырамыз. Уақыт өткен соң жуып-шайып ала бересіз.

Источник: www.shutterstock.com

  • Кетуі қиын, қалың қаққа арналған тәсіл

Бұл тәсіл тек классикалық үлгідегі шәугімдерге арналған. Ол үшін 1 ас қасық ас содасы, 2ас қасық лимон қышқылы және 100 мл 9% сіркесуы қажет.

Барлық қажетті заттарды бірінің артынан бірін шәугім толы суға қайнатамыз (алдымен ас содасын, ол бір қайнап шыққан соң үстіне лимон қышқылы, қайта қайнату, үстіне сіркесу). Шәугім шамалы суыған соң тазартылып, шайылып, 1-2 мәрте қоспасыз су құйып қайнатып, төгу керек.


  • Маринатталған қияр немесе қызанақтың суы да керемет тазартқыш
Классикалық үлгідегі шәугімдер үшін жақсы тәсіл. Ол үшін банкаға жабылған қияр немесе қызанақтың суы қажет.
Мұндай суды әдетте төгіп тастап жатамыз, бірақ оның қақты тазартуға қауқары бар және тат басқан жерді де жақсы тазалайды. Тазарту жолы да оңай жасалады.

Шәугімге банкадағы суды құямыз, қайнатамыз. суығанша күтеміз, соңынан жуып-тазалаймыз. Тек судың ішінен аскөкті, сарымсақ т.б артық заттарды алып тастау керек. Лавр жапырағы қала бергені дұрыс.

Источник: www.shutterstock.com


Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Базарбаева Э,
ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:

Раушан гүлі жаз бойы ГҮЛДЕП ТҰРСЫН десеңіз БЫЛАЙ жасаңыз!