Шәйнекте тұрған қақтың түсі нені білдіреді?

0
5 799

Бәріміз де шай ішеміз. Кофені әдетке айналдырғанымыз қаншама?! Оларды дайындау үшін су қайнатып алатынымыз белгілі. Сол су қайнаған шәйнектің ішінде қақ тұнатынын да жақсы білеміз. Әрине, бұл осылай болуы керек. Судың құрамындағы минералдар қайнаған соң қатты күйге айналып, ыдыстың қабырғасына тұнады. Оны мектеп қабырғасынан оқып білдік емес пе? Десек те, сол тұнған қақтың түсі нені білдіреді?

Бірақ біз осы қақтың пайда болуына емес, түсіне мән беріп, қандай су ішіп отырғанымызды білуіміз керек екен. Денсаулықты ойлап, оған зиян келтірмеудің жөнін ойласақ, қақтың түсіне қарай ішкен суымыздың құрамы қандай екендігін ажырата алады екенбіз.

Ақ тұнба

Әдетте, шайдан соң шәйнекте қалатын қақтың түсі ақ болады және ол түбінде ғана емес, судың бетінде де байқалады. Бұл ішіп отырған суымыздың кальций мен магний тұздарына бай екендігін білдіреді. Денсаулыққа анау айтқандай зияны жоқ. Ол кез келген суда болатын минералдар.

Сары немесе қоңырқай тұнба

Көзге тез түседі. Шәйнектің түбінде сарғыш немесе қоңырқай болып тұнады.

Бұл құрамында темір тұздары мол болатын суды қайнатқанда пайда болады. Темір тұзы үш валентті болатындықтан, адам ағзасы үшін аса қажетті емес. Адам ағзасына гемоглобинді синтездеу үшін екі валентті темір тұзы қажет болғандықтан, үш валентті тұздың ағзаға аздап зияны бар. Бұл суды тазартусыз және қайнатпай ішу ең бірінші балаларға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, сүзгі арқылы ішкен дұрыс.

Қақтың түсі көкшіл болса...

Көгілдір немесе көкшіл түсті қақ судық құрамында мыстың көптігін білдіреді екен. Бұл су құбырының мыстан жасалғандығынан да болуы мүмкін. Ал мыс жүрегі әлсіздеу адамдары кері әсерін тигізетіні бар. Сонымен қатар, көкшіл түсті қақ құрамында ауыр металдары бар судан да тұрады екен.

Денсаулықты ойласаңыз, мұндай суды мүмкіндігінше тамаққа қолданбаған абзал.

Отбасының денсаулығы бәрінен де бірінші орында. Ал оны ең алдымен ең көп тұтынатын судың тазалығын бақылаудан бастап, күтім жасағанымыз дұрыс.