​Апталық жұлдызнама: 26 ақпан - 4 наурыз

0
3 089

Наурыздың 2-жұлдызында әр ісіңізге мұқият болуды ескертеді. 3 наурыздың сапарға шығуға, адамдармен қарым-қатынас орнатуға, сауда жасауға, ал 4 наурыздың отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға сәтті екенін айтады. Бұл жалпыға ортақ кеңестер. Ал, жұлдызбелгі иелеріне жекелей былай дейді...


​Апталық жұлдызнама: 26 ақпан - 4 наурыз

Ресейлік астролог А. Пастуховтың айтуынша, алдағы аптада аспан денелері арасында Айдың ықпалы басым болатын көрінеді. Жұлдызшы 26 ақпанды іскерлік кездесулер мен сауда-саттық жасауға сәтті күн десе, 27 ақпанды романтикалық кеш өткізу мен жаңа іс бастауға жайлы дейді. Сондай-ақ, айдың соңғы күнін спорт пен бизнеске, ал көктемнің алғашқы күнін сауда нүктелерін, қоғамдық шараларды аралауға арнауды ұсынады. Наурыздың 2-жұлдызында әр ісіңізге мұқият болуды ескертеді. 3 наурыздың сапарға шығуға, адамдармен қарым-қатынас орнатуға, сауда жасауға, ал 4 наурыздың отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға сәтті екенін айтады. Бұл жалпыға ортақ кеңестер. Ал, жұлдызбелгі иелеріне жекелей былай дейді...

Тоқты

Дүйсенбі мен бейсенбіде, мүмкіндігінше, алыс сапарға аттанбаған жөн. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері шығармашылықпен айналысуға, жағымды кездесулер ұйымдастырып, жақындармен қарым-қатынас жасауға қолайлы. Ал, жұмада қызметтік түсініспеушіліктің тууына жол бермеңіз, арты үлкен дауға ұласуы мүмкін. Бұл күні назарыңызды өз денсаулығыңызға, салауатты өмір салтына аударсаңыз, ұтарыңыз көп болмақ.

Торпақ

Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында ірі көлемдегі қаржыдан қағылу ықтималдығы бар. Сондықтан, әр шешіміңізді екі рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Жылжымайтын мүліктерге қатысты бар шаруаны сейсенбі мен сәрсенбінің сәтіне жоспарлаңыз. Ал, достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға демалыс күндері қолайлы.

Егіздер

Апта ортасы сізден жеке және іскерлік қарым-қатынастарда сақтықты талап етеді. Жылжымайтын мүлік пен мансапқа қатысты мәселелерді шешуді демалыс күндеріне қалдырған жөн.

Шаян

Аптаның алғашқы жартысында әріптестермен арадағы қарым-қатынаста әдептілік танытып, денсаулығыңызға мән беріңіз. Бейсенбіге кездесу ұйымдастырсаңыз, жайлы да жағымды тілдесу орнату мүмкіндігі бар. Ал, апта соңында қандай да бір сапарға шығуға тура келсе, жұманы емес, сенбі не жексенбіні таңдаңыз.

Арыстан

Сейсенбі мен сәрсенбі — өзіңізді жақсы жағынан танытуға, жаңа бастама көтеруге, косметикалық процедура алуға сәтті күндер. Сатып алулар мен жылжымайтын мүлікке қатысты сұрақтардың жауабын сенбі күні іздесеңіз, ұтымды жауап табасыз. Жексенбі жақындармен жайлы отырысқа, сапарға шығуға қолайлы.

Бикеш

Аптаның алғашқы жартысы шығармашылықпен айналысуға қолайлы күндер. Бейсенбі мен жұма күндері отбасы мүшелерімен не сүйіктіңізбен еш бүкпесіз сөйлесіңіз. Ал, бұл күндерге келісімшартқа қол қоюды жоспарлап қойған болсаңыз, басқа күнге ауыстыруға кеңес береміз. Достармен кездесуге, сауда-саттық жасауға аптаның соңғы екі күні сәтті.

Таразы

Дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде кіммен болсын әдепті сөйлесіңіз. Бейсенбі сауда жасау мен кездесулер ұйымдастыруға қолайлы. Ал, қызметтік қарым-қатынасыңызды нығайтқыңыз келсе, сенбі-жексенбідегі демалысты пайдаланыңыз.

Сарышаян

Аптаның алғашқы жартысында көңіл көтеру, қыдыруға қатысты көлемді шығындардан, мүмкіндігінше, бас тартыңыз. Романтикалық кездесу өткізу қажет болса, бұл үшін бейсенбі лайық. Ал, сенбі-жексенбіні толықтай шығармашылықпен айналысуға арнаңыз.

Мерген

Аптаның алғашқы күндері жаңа іс бастауға, алыс сапарға шығуға қолайлы. Ал, екінші жартысында жылжымайтын мүлік пен мансапқа қатысты істерге мұқият болыңыз. Демалыс күндері достық кездесулердан бас тартпаңыз.

Тауешкі

Алдағы аптаның бірінші жартысын қызметтік және тұрмыстық шаруаларға арнасаңыз, ісіңіз нәтижелі болады. Бейсенбі мен жұмада басшылықпен байқап сөйлесіңіз. Ал, ұзақ жолға шығуды сенбі-жексенбі еншісіне қалдырыңыз.

Суқұйғыш

Дүйсенбіде мінез-құлқыңызды жақсылап қолға алыңыз, қызмет барысында ешкіммен дауласуға бармаңыз. Сейсенбі мен сәрсенбі, сондай-ақ, сенбі-жексенбі күндері достық қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы. Бұл күндері қолға алған қаржылық мәселелеріңіз де, ірі көлемдегі сатып алуларыңыз да оң шешімін табады.

Балықтар

Бұл аптада ұзақ жолға шығу қажеттілігі туса, дүйсенбі мен бейсенбіге жоспарлаңыз. Сейсенбі мен сәрсенбі күндерін жұмысқа арнаған жөн шешім болмақ. Ал, бейсенбі мен жұмада ұрыс-жанжалдан және құжатқа қол қоюдан барынша қашқақтаңыз. Демалыс күндері шығармашылық үшін қолайлы.