Әріптестеріңіздің пікірімен санасуды ұмытпаңыз, қоғамдық жұмыстардан тыс қалмаңыз. Апта соңында қызықты қызметтік іссапардың сәті түскелі тұр. Жаңа серіктестер сізбен жұмыс жасауға қуана келіседі, нәтижесінде пайдалы келіссөздер орын алады. Демалыс күндерін отбасыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз.
фото: vedmochka.net
Тоқты
Ешқандай сылтау іздемей, орын алған мәселелердің шешімін табуға барынша тырысыңыз. Бұл аптада сіздің өміріңізде жалқаулыққа орын жоқ. Дегенмен, шектен тыс жұмысбастылық та артық. Еңбек пен демалыс тепе-теңдігін сақтаңыз.
Сейсенбі және сәрсенбіде сабырды серік етіңіз, дәл осы күндері әріптестермен арада келспеушіліктер, пікір қайшылығы орын алуы мүмкін. Сабырлылық танытып, әліптің артын бақсаңыз, бесенбіде түйін шешіліп, қарым-қатынасыңыз қайта қалпына келеді.
Жеке өміріңіз де шуақ пен ұшқынға толы, әрісесе, жексенбі ерекше көңілді өтеді.
Торпақ
Жұлдыздар сізге бұл аптада адамдармен тіл табысу жолдарын іздеуді, таныстар мен әріптестердің арандатуынан сақ болуды ескертеді. Ай соңында іскерлік серіктестеріңіз тиімді әрі болашағы бар қызықты ұсыныстармен қуантады. Жұмысқа барынша беріліп, үй-тұрмыс мәселелерін сәл кейінге ысыра тұрыңыз. Бұл үшін сенбі бар. Сенбіде ешқандай басшылық нұсқауларына алңдамастан, түрмыстық шаруаларыңызбен айналысуға мүмкіндігіңіз бар. Ал, жексенбіні дос-туыстардың ортасында өткізіңіз.
Егіздер
«Алтын орта» ережесін есте мықтап ұстаңыз. Сонда наурыздың соңғы аптасы жақсы жаңалықтар мен жағымды сыйлар легімен қуантатын болады. Дүйсенбіде басшылықпен қарым-қатынасты одан әрі жақсарта түсуге мүмкіндік бар. Кәсібилігіңіз серіктестеріңіздің ерекше қызығушылығын тудырып, қомақты қаржы төленетін жобаға ұсыныс алуыңыз кәдік. Маңызды деген шаруаларыңызды бейсенбіге дейін тындырып тастағаныңыз жөн. Жұма-сенбі күндерінде көптеген сауық кештері мен іс-шараларға шақырту аласыз.
Шаян
Көктемнің бұл аптасы сізге шығармашылық шабыт сыйлайды. Идеяларыңыз әріптестеріңіздің де, іскерлік серіктестердің де көңілінен шығады. Алайда, дандайсып, тым биікке шырқап кетпеңіз, айналаңызға мұқият қараңыз. Бұл аптада бәсекелестеріңіз де тым белсенді.
Сәрсенбі күні қомақты көлемде қаржы жұмсауға тура келетін жағдайлар орын алады, сондықтан, үнемшіл болыңыз. Апта соңында ескі достарыңыздың есіне түсіп, олармен байланыс орнататын боласыз.
Арыстан
Қаржы салатын қалтаңызды әзірлей беріңіз, бұл аптада финанс жағынан тек сәттіліктер күтіп тұр. Алайда, тапқан-таянғаныңызды жұмсауға асықпаңыз. Әсіресе, дүйсенбі, сейсенбі күндері сауда-саттықтан барынша аулақ болыңыз. Бұл күндері алған заттарыңыз не сапасыз, не қажетсіз болып шығады. Сондықтан, тым болмағанда, бейсенбіге дейін шыдаңыз. Жинағыңызды пайда түсіретін бір іске салсаңыз, тіптен жақсы.
Бикеш
Бұл аптада сізге аса сақтық қажет. Тіпті, іскерлік серіктестеріңіздің өзінен абай болыңыз. Олар да сізбен әділетсіз ойын ойнауы мүмкін. Аса қауіпті ештеңе бола қоймаса да, қарым-қатынасқа сызат түсіретіндей салдары болуы ықтимал.
Сәрсенбі - пайдалы келісімшартқа қол қоюға сәтті күн. Ал, бейсенбі — шығармашылықпен айналысуға таптырмайды. Жұма мен демалыс күндерін отбасыңызға арнаңыз.
Таразы
Айналаңыздағы адамдарға зер салыңыз, таныстар мен әріптестердің бәріне бірдей сенім білдіре бермеңіз. Сіздің ақкөңілділігіңізді пайдаланып кеткісі келетін біреу табылады. Дүйсенбі кәсіби тұрғыдан алғанда қиын күн болмақ, басшылық тарапынан да сөгіс естисіз. Қандай жағдай болса да, сабырлылық танытыңыз. Сейсенбіде қаржылық тосын сыйлар күтіп тұр — қосымша табыс табуға болатын ұсыныстар түседі.
Сарышаян
Үнемі эмоциясын бақылауда ұстайтын Сарышаяндарға жұлдыздар бұл аптада ашық және шынайы болуға кеңес береді. Апта бойында қызықты таныстықтар көптеп орын алмақ. Сейсенбі құжаттармен жұмыс жасауға қолайлы күн. Апта соңына қарай жұмыс қарқынын аздап бәсеңдеткеніңіз жөн.
Мерген
Өзіңізге жүктелген жауапкершілік пен міндеттерді мұқият атқарыңыз. Басшылық бұл аптада қатал бақылау мен талаптардың астына алады. Сәрсенбіге өз бетіңізше жоспар құруға асықпаңыз, іссапарға аттануыңыз мүмкін.
Тауешкі
Қонақ күтуге әзірлене беріңіз, алдағы аптада жақын-жуықтарыңыз құдды ақылдасып алғандай, біірінен соң бірі есігіңізді қағатын болады. Ең қонаққа бай күн — дүйсенбі. Алайда, сейсенбіде адам аяғын сиретіп, жұмысқа назар аударғаныңыз жөн. Апта қаржылық сыйақыларға да толы болғалы тұр.
Суқұйғыш
Бұл белгі аясындағыларды да апта бойында әріптестердің жүйкеге тиетін қылықтарына мән бермей, барынша сабырлы болуға шақырамыз. Қызмет орнындағы жағымсыз атмосфера сізге ешқандай әсерін тигізе алмайтын болсын, оптимистік қалыптан танбаңыз. Сонда өмірдің барлық саласында жолыңыз болады. Апта бойы қаржылық мәселелерді шешу жолында күш салуға тура келеді. Үмітіңізді ерте үзіп, салыңызды суға кетірмесеңіз, табыс міндетті түрде келетін болады.
Балықтар
Әріптестеріңіздің пікірімен санасуды ұмытпаңыз, қоғамдық жұмыстардан тыс қалмаңыз. Апта соңында қызықты қызметтік іссапардың сәті түскелі тұр. Жаңа серіктестер сізбен жұмыс жасауға қуана келіседі, нәтижесінде пайдалы келіссөздер орын алады. Демалыс күндерін отбасыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз.