Астролог ЕҢ ҚАТАЛ АНАЛАР рейтингін жасады

0
1 779

Жорамалды оқып, өзіңіздің нешінші орында тұрғаныңызды біліңіз. Астролог пікірімен келісесіз бе?


Астролог ЕҢ ҚАТАЛ АНАЛАР рейтингін жасады

Әр ана өз баласын жанынан артық жақсы көреді. Әйтсе де, махаббатын білдіру деңгейі мен тәсілі түрліше. Кейбірі асқан мейірімді болса, енді біреулері үнсіз сүйеді. Келесі бір аналар баласының болашағы үшін қатаң тәртіпте ұстағанды құп көреді. Сіз олардың қайсысына жатасыз? Жұлдызнамаңыз бойынша біліңіз.


Тоқты

Тоқты – өктем мінезді, билеп-төстеуді жақсы көретін, бірбеткей тұлға. Өкінішке орай, қызметте, мансап жолында ғана емес, отбасында да осы қасиетіне басымдық беріп қояды. Нәтижесінде тым қатал, баласының әр басқан қадамын бақылауда ұстағысы келетін ана болып шығады. Егер осы әдетін жақсы басқарып, орнымен ғана қолдана білсе, отбасында тәртіп мықтап орнайды. Ал, артық кетсе, баларымен арақатынасын бұзып алуы әбден мүмкін.


Арыстан

Көшбасшылық қасиетін көпке паш етіп жүретін белгі иесі. Соған сәйкес, Арыстан-аналар да баласының айтқанынан шықпауын, дегенін екі етпегенін қалайды. Осы қалаудың нәтижесінде қатал отанасына айналады. Көбіне балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, пайдалы нәрселер үйренуіне баса мән береді. Бұл ретте баланың қалауын екермей, өз талабын қаталдық көмегімен жүзеге асырады.


Бикеш

Баланы шектен тыс өбектеп, қамқорлықты асыра сілтейтіндер қатарының басында Бикеш те тұр. Олар баласын қатты уайымдайды, ертеңіне алаңдайды, оны жер әлемдегі барлық қауіп-қатерден сақтандырғысы келеді. Баланың физикалық және ақыл-ойының дамуына баса назар аударады. Осы қамқорлығын жүзеге асыру мақсатындағы іс-әрекеттері автоматты түрде қаталдыққа ұласады.


Сарышаян

Балаларына шектен тыс талап қоятын аналардың ішінде Сарышаян да бар. Олардың «дүниедегі бар жақсы менің баламда болса екен» деген тілегі бар. Сарышаян-ананың тағы бір арманы – өз перзентінің өзгелердің баласынан оқ бойы озық тұруы, алда жүруі, «ең тәрбиелі, ең білімді, ең мықты» сынды атақтарға ие болуы. Осы арманын орындау жолында баласын көп нәрсені үйренуге, меңгеруге мәжбүрлейді. Әрине, бұл үшін біраз қатаңдық пен қаттылық керек.


Мерген

Мерген-аналар «менің баламды ешкім өзімнен артық білмейді» деген пікірде. Олар да перзентінің қатеге ұрынып, тау-тасқа соғылғанын қаламайды. Сондықтан, барынша сақтандырып отыруға тырысады. Бұл үшін баланы үнемі бақылауда ұстау керектігін де біледі. Осы ретте өсіп келе жатқан жеткіншектің пікірімен санаспау, оны өз талабына көндіру секілді әрекеттер орын алатыны және өз дегенін болдыру үшін біраз қатал болу қажеттігі анық.


Тауешкі

Тауешкі-аналарды тым қатал деуге келмес. Алайда, олар да баласының бүгіні мен ертеңіне алаңдайды. Сондықтан бақылауда ұстағысы келеді. Тек, мұны білдірмей жасауға тырысады. Ол баланың шешімдері мен әрекеттеріне барынша бостандық берген кейіп танытады. Бірақ өзі сырттай бақылауды тоқтатпайды. Кажет кезінде жымын білдірместен жөнге салып жіберуді көздейді. Мәселен, үйде баласының күнделігін тексермеуі мүмкін. Алайда, мұғалімге қоңырау шалып, үлгерімі мен тәртібі жөнінде сұрауды ұмытпайды.


Торпақ

Торпақ-аналар үшін отбасы мен бала бірінші орында. Ол үй ішін жылуға, махаббат пен қамқорлыққа, түсіністік пен үйлесімге толтыруды дұрыс санайды. Сондықтан, үлкеннің де, кішінің де пікірімен санасу, оларды тыңдап, түсіну – үйреншікті әрекеті. Балаларын көбіне ойын еркін жеткізе алатын, өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тәуелсіз тұлға болуға тәрбиелейді. Алайда, анда-санда болсын артын тексеріп қоюды да естен шығармайды.


Балықтар

Баланың басқан ізін аңдып, оны қаталдықпен өз дегеніне көндіруді құп санамайтын аналар да бар. Олардың көшін Балықтар бастап тұр. Өмірге философиялық көзқараспен қарайтын белгі иелері бәріне сабырлық таныта біледі. Баласы төмен баға алса да, төбелесіп, тізесін жырып келсе де, бір нәрсені үйренуден бас тартса да, бәріне жауабы бір – «жарайды, ештеңе етпес». Тек, шектен шыққан еркелікті көтере алмауы мүмкін. Бала қырсығып, орынсыз қыңырлық танытқан жағдайда ғана аздаған қаталдық көрсетіп қояды.


Таразы

Таразы-аналар баланы ерте жастан тәуелсіздікке, дербестікке тәрбиелейді. Себебі ол қазір кішкентай болғанмен, бір күндері ержететінін, ата-анасынан бөлек күн кешетінін, сол кезде еркін тұлға болуға тиіс екенін есінен еш шығармайды. Сондықтан, баланы бақылауда ұстауға, қаталдықпен өз дегеніне көндіруге талпынбайды. Оның орнына өзіне сенімділігін, жауапкершілігін, логикалық ойлау қабілетін, өмір сүруге қажетті барлық қабілеттерін қалыптастыруға күш салады.


Шаян

Шаян-аналардың балаға деген махаббаты шексіз. Балалар да оны қатты жақсы көреді. Соның арқасында бір емес, топ баланы бірден үйіріп әкете алады. Оларға айтқанын жасату, дегеніне көндіру үшін қаталдықтың, талап етудің мүлдем қажеті де болмай қалады. Баламен қарыс-қатынаста қалағанына махаббат, мейірім, түсіністік, әділдік пен адалдық көмегімен қол жеткізеді.


Егіздер

Егіздер-аналар баласына ана ғана емес, дос та болғысы келеді. Ол перзентін әр жаза басқаны үшін жазалауға, қателескені үшін ұрсып-сөгуге дайын тұрмайды. Ондай жағдайларды сабырмен шешуге, балаға өз қателігін ақылмен түсіндіруге тырысады. Баласын тыңдауға, онымен ой бөлісуге, ақыл-кеңес беруге қашан да уақыт табады. Осылайша сеніміне ие болу арқылы тәрбие беруде қаталдықтың қажеттілігін жояды.


Суқұйғыш

Суқұйғыш-аналар үнемі ізденіс, даму үстінде жүреді. Бала тәрбиесінде де солай. Олар баланың жанын түсінгісі келеді. Қалауын, ойын айтқызбай білуге ұмтылады. «Баланы тәрбиелегің келсе, бірінші өзііді тәрбиеле» деген ұстанымда. Осы ұстаным үдесінен шығу үшін бала тәрбиесі туралы білім ізденуден жалықпайды. Нәтижесінде баламен арақатынаста ешқандай қаталдық қажеттілігі тумайтын, бала жанын өзінен де жақсы түсінетін, айтқанына көндірудің қатаң талап қоюдан да басқа түрлі тәсілін білетін, жай сөзбен айтып-ақ жетесіне жеткісе алатын нағыз психолог-ана болып шығады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Бойыңызда қандай ТАЛАНТ бар?