Бұл күндері сіздің бір арманыңыз орындалады. Ол үшін...

0
3 187

9-15 шілде аралығы — ең асыл армандардың орындалатын аптасы. Астрологтардың айтуынша, әлбетте. Ал, дәл сіздің арманыңыз орындалуы үшін не істеуіңіз керек? Білгіңіз келсе, оны да айта аламыз.


Бұл күндері сіздің бір арманыңыз орындалады. Ол үшін...


Фото: s.vtambove.ru

9-15 шілде аралығы — ең асыл армандардың орындалатын аптасы. Астрологтардың айтуынша, әлбетте. Ал, дәл сіздің арманыңыз орындалуы үшін не істеуіңіз керек? Білгіңіз келсе, оны да айта аламыз.

Тоқты

Көңіліңіз толарлық жаңа таныстық пен іскерлік қатынас орнату мүмкіндігі жоғары.

Дүйсенбіде жасалған үй шаруасы мен сауда-саттық істері ойдағыдай нәтижесін береді. Ал, қысқа қашықтықтағы сапарға шығу қажет болса, оны сейсенбі мен сәрсенбіден қалдырмаңыз. Сенбі-жексенбі күндері белсенді демалыс, шығармашылықпен айналысу және туыстармен бас қосып, әңгіме-дүкен құруға сәтті болғаны тұр.

Ең сәтті күн — сейсенбі.

Торпақ

Бұл аптада айналаңыздағы адамдарға зер сала жүріңіз. Өміріңізді түбегейлі өзгертуге септігі тиетін жанды жолықтыру мүмкіндігі жоғары дейді болжамшылар. Ал, қандай да бір көлемді затты сатып алғыңыз келіп жүрсе, ол ойыңызды сейсенбі не сәрсенбіде жүзеге асырыңыз. Ал, жұма мен сенбіні ойыңызда жүрген үй шаруасына арнаңыз, бұл күндері ісіңіз өнімді болады. Жексенбіні жақындар мен достар арасында көңілді өткізуге толықтай мүмкіндігіңіз бар.

Ең сәтті күн — дүйсенбі.

Егіздер

Апта басындағы жұмыс күндері бір серпіліп, іске жаңа қарқынмен кірісуге оңтайлы. Дүйсенбіні барынша тыныштықта, жайбарақат өткізген жөн. Сейсенбі-сәрсенбі күндері бой мен дене күтіміне мән беру, өзін-өзі таныту жолында жемісті өтеді. Демалыс күндерін жақын досыңызбен өткізіңіз.

Ең сәтті күн — сәрсенбі.

Шаян

Бұл жеті Шаяндарға көптеген жағымды әсерлер мен эмоциялар сыйлайды. Көптен бері байқалмаған шабыт қайта оралады. Дер кезінде шығармашылықты қолға алса, жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік зор.

Сапарға шығу не іскерлік қарым-қатынас орнату қажеттілігі туса, сәрсенбіге жоспарлаңыз. Бейсенбі-жұма күндері өзіңізге физикалық және эмоционалдық тұрғыдан ауыр жүк артпаңыз. Тынығуға көбірек уақыт арнаңыз. Демалыс күндері жасаған саудаңыз сәтті болады.

Ең сәтті күн — дүйсенбі.

Арыстан

Қолға алған ісіңізді батыл бастасаңыз, әділдік пен жақсылық жасауды басты назарда ұстасаңыз, көп жетістікке жетесіз. Осы аптада шыққан кез келген сапарыңыз сәттілікке толы болады. Сәрсенбі мен жұма аралығында көбірек тынығып, өзіңізге қатысы не қажеті жоқ істерден бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді көрсету, романтикалық әсерге бөлену не сауда-саттық жасау үшін демалыс күндерін таңдаңыз.

Ең сәтті күн — сенбі.

Бикеш

Аптаның алғашқы жартысы іскерлік белсенділік пен жетістікке толы. Дүйсенбі не сейсенбіде қызықты таныстықтар күтіп тұр. Ол сүйікті адамыңызға, болашақ серіктес не пікірлес досқа айналуы мүмкін. Апта ортасы шығармашылықпен айналысуға қолайлы. Өзіңізге көбірек уақыт бөліп, тынығыңыз. Жексенбінің кеші жаңа бастама мен күтімге қатысты істерге оңтайлы.

Ең сәтті күн — сәрсенбі.

Таразы

Мансап баспалдағымен көтерілуді армандайтын Таразылар үшін сәтті кез келді. Ерекше идеялармен өзін көрсетуге мүмкіндік көп. Кішігірім сауда-саттық не сапарды сейсенбіге жоспарлаған жөн. Апта ортасында романтикалық кездесу күтіп тұр. Ал, демалыс күндері достармен бас қосып, у-шулы ортада көңіл көтерудің сәті түседі.

Ең сәтті күн — дүйсенбі.

Сарышаян

Бұл жетіде Сарышаяндар жаңа білім игеру, өзін-өзі тану және тұлғалық даму тұрғысынан олжалы болады. Рухани әлемін байытып, имидж өзгерту үшін де оңтайлы күндер. Әсіресе демалыс күндері іскерлік және жеке белсенділік танытуға, мақсатқа жетуге қолайлы жағдай туғызады.

Ең сәтті күн — сәрсенбі.

Мерген

Астрологтар апта бойында ішкі даусыңызға құлақ асуға кеңес береді. Интуицияңыз сізді алдамайды.

Дүйсенбіде бар ықыласыңызды қызметтік міндетіңізге аударып, адамдармен қарым-қатынасты тежей тұрыңыз. Достық қарым-қатынасты жақсартуды сейсенбі мен сәрсенбі күндері жүзеге асырыңыз. Ал, қаржылық сұрақтардың шешімін табуды жексенбіге қалдырыңыз.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Тауешкі

Апта бойында жұмыс көлемі арта түседі. Табандылық танытып, мақсатыңыздан таймай еңбек етсеңіз, бәрін ойдағыдай атқарасыз. Бұл сіздің өзіңізді жігерлендіруге, іскерлігіңізге оң әсерін тигізеді. Сәрсенбі мен жұма күндері аралығында адамдармен қарым-қатынас және қызмет сапасына көңіл бөліңіз. Ал, жексенбі ұзақ іссапар не саяхатқа өте оңтайлы.

Ең сәтті күн — сенбі.

Суқұйғыш

Бұл апта сіздің есіңізде қызметтегі табыстарыңызбен қалатын болады. Ағымдағы жобаларды нәтижелі аяқтап, қызметіңіз жоғарылауы әбден мүмкін. Ал, жұмыс іздеп жүргендер ойынан толықтай шығатын вакансияларға жолығады.

Аптаның алғашқы күндері жағымды жүздесулер мен шығармашылық үшін қолайлы. Маңызды іскерлік кездесуді сенбіге, ал романтикалық кездесуді жексенбіге жоспарлаңыз.

Ең сәтті күн — сенбі.

Балықтар

Бұл апта конкурс не кастингке қатысқалы жатқан Балықтар үшін ерекше сәтті өтеді. Көпшілігінің іздегені алдынан табыла кетеді.

Апта басын үй шаруасымен айналысудан бастап, ата-анаңызға уақыт арнаңыз. Орта шенінде көбірек тынығуға кеңес береміз. Барлық маңызды шаруаларды демалыс күндеріне қалдыра тұрғаныңыз жөн.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ