​Қай ЖҰЛДЫЗдың неге ТӘУЕЛДІ екенін білесіз бе?

0
1 767

Әркім өзінің әлсіз жерін білсе, оны түзетуге де мүмкіндігі көбірек


​Қай ЖҰЛДЫЗдың неге ТӘУЕЛДІ екенін білесіз бе?

Әрбір адамның бойында түрлі кемшіліктер толып тұр. Шынайы, жақсы қарым-қатынас құру үшін бір-бірімізді барлық осал тұстарымызбен тұтастай қабылдай алуға тиіспіз. Сондай-ақ, әркім өзінің әлсіз жерін білсе, оны түзетуге де мүмкіндігі көбірек. Сондықтан, әр жұлдыз белгісінің бойындағы тәуелділікті білген артық болмайды.


ТОҚТЫ

Тоқтылар кофе мен шай құрамындағы кофеинге тәуелді. Тәулік бойы белсенді болу үшін күніне бірнеше шыныаяқ кофе, бірнеше шәйнек шайды сарқып қоюы әбден мүмкін. Осылай ғана өзін энергияға толы сезінеді.


ТОРПАҚ

Белгі иелерінің әлсіз тұсы – тамақ. Олар тамақтан ләззат алуды жақсы біледі және бұл әдетін оңашада ғана шығармай, көпшілік көзінше де жасырмайды. Сондықтан онымен кездесу барысында сізден көрі тамаққа көбірек көңіл бөлсе, ренжімеген дұрыс.


ЕГІЗДЕР

Бұл белгі иелерінің тәуелділігі өзіне де, өзгеге де зиян – темекі. Кез келген жерде олар үшін ең маңызды уақыт – «түтін үзілісі». Себебі олар темекі шегу кезінде сөйлескенді ұнатады, осылайша олар өз проблемаларынан құтылғандай болады. Сондықтан кейде темекі шегуді таныстықты не әңгімені бастаудың себебі ретінде де қабылдайды.


ШАЯН

Тым сезімтал Шаяндар махаббаттың, терең сезімнің алдында әлсіз. Сондай-ақ, не жанына, не тәніне батқан ауырсынуға шыдай алмайды, үнемі ауырсынуды басудың жолын іздейді. Сүйікті, жақын адамдарының қолдауына үнемі мұқтаж болуы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмекті көп қабылдауының себебі осы.


АРЫСТАН

Олардың осал тұсы – сән-салтанат болса, тәуелділігі – дүние-мүлік. Сондықтан ең көп айнаысатын ісі – шоппинг. Аса қатты қажеттілігі болмаса да, өзін еркелету үшін ғана күні бойы қалтасында тесік тиыны қалмағанша сауда-саттық жасауға дайын.


БИКЕШ

Бұл белгінің өкілдері өте мейірімді және көбінесе олар алғанынан әлдеқайда көп беруге ұмтылады. Қиналған жанға қол ұшын созу, біреудің өзін жақсы көрмейтінін біле тұра жанында болу, сынақтан құтқару сынды қаһармандыққа көп бой ұрады. Осы қасиетінің салдарынан көбінесе эмоционалды тепе-теңдік жоқ ауру қарым-қатынасқа тәуелді болады.

ТАРАЗЫ

Бұл белгі өкілдері өте көпшіл адамдар болғандықтан, негізгі тәуелділігі – әлеуметтік желілер. Қолынан телефон түпейді, қанша лайк алғанын, парақшасына кім кіріп, кім пікір жазғанын үнемі тексеріп отырады. Сонымен қатар, Таразылар үшін барлық соңғы оқиғалар мен жаңалықтардан үнемі хабардар болу маңызды. Осы себептермен олар интернетсіз, әлеуметтік желісіз өмір сүре алмайды, бұл олардың ең жақсы досына айналып кеткен.


САРЫШАЯН

Олар тәттіге тәуелді. Шоколад десе басқа ішкен астарын жерге қояды. Кәмпитті келілеп, тәтті тортты түгелімен жеп қоюға бар.


МЕРГЕН

Белгі иелерінің басты тәуелділігі – түрлі оқиғалар. Бір орында отыратын, бір күні екіншісінен аумайтын өмір олар үшін тым қызықсыз. Әр жерге бару, ел-жер көру, жаңа адамдармен танысу, түрлі оқиғаларға тап болып, қызықты сәттерді, эмоцияларды бастан кешу – олар үшін өмірдің мәнісі де осы.


ТАУЕШКІ

Жұмыс пен жетістік Тауешкілер үшін ең маңызды фактор. Олар өз уақыттарын босқа өткізуге үзілді-кесілді қарсы, қажырлы еңбек пен өз мақсаттарына жету үшін бәрін құрбан етуге дайын. Жұмыс пен жетістікке тәуелді болғаны сонша, олардың жолында өздерін, айналасындағы әлемді және басқа адамдарды ұмытады.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштар мұңсыз-қамсыз күн кешуге үйренген, көбінесе қиял әлеміне баспен сүңгіп, сонда өмір сүргенді ұнатады. Сондықтан оларды кітап оқу немесе компьютерлік ойындар ойнау үстінде жиі көреміз. Бұл әрекеттер біраз уақытқа өзін ұмытып, басқа біреуге айналуға мүмкіндік береді. Бірақ осы қиял әлемінің тәтті дәміне үйреніп алса, оны шынайы әлемге қайтару қиынға түсуі мүмкін.


БАЛЫҚТАР

Бұл белгі өкілдері өте сезімтал, жүрегі өте нәзік және ол оңай жараланады. Балықтардың бірінші әлсіздігі – романтика болса, екіншісі – ұйқыға деген тәуелділік.

Мұндағы кей әрекеттерді жақсы әдет, оны тәуелділікке жатқызу дұрыс емес дерсіз бәлкім. Бірақ кез келген нәрсенің шамадан тыс көп болуы – әрқашан жаман екенін естен шығармайық.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИОТЫРЫҢЫЗ:

КІМДІ немесе НЕНІ ЖАҚСЫ КӨРМЕЙТІНІН жұлдызынан біліңіз