Мұның жауабын астрологтар былай сипаттайды.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан оның мінез-құлқы мен табиғаттың мінез-құлқы ұқсас. Бұл әсіресе, қатты қуанғанда және ашуланғанда айқын байқалады.
Сіз ашуланған кезде табиғаттың қай құбылысына ұқсап кетесіз? Мұның жауабын астрологтар былай сипаттайды.
ТОҚТЫ
ЖАНАРТАУ секілді. Өте қызуқанды, тез атылады. Қатыгездеу. Ашуланса, айналасын жайпап кетеді. Қай уақытта қаны қайнап, ашуы атқылап кететінін болжау қиын.
ТОРПАҚ
ЖЕР СІЛКІНІСІ сынды. Өте қуатты, энергияға толы тұлға. Бір көтерілсе, біраз жерді сілкиді. Құлшына кіріскен ісінің басын аяғына жеткізбей, астын үстіне төңкермей тоқтамайды.
ЕГІЗДЕР
ҚҰЙЫН сияқты. Мінезі өте құбылмалы, аумалы-төкпелі. Қазір ғана моп-момақан болып отырған жерінен лезде құтырынып шыға келеді. Бірақ екпіні ұзаққа бармайды, аздан соң қайта басылады. Біраз жерді жайпап, шартарапты шайқайды деп те айта алмаймыз. Аса қатты зияны, зардабы жоқ.
ШАЯН
ЦУНАМИ дерсің құдды. Ол қаһарына мінсе, біраз адамның тізесі дірілдейді. Себебі, шынында да көп нәрсені қиратып жіберуге қауқарлы. Билігі жүретін, бишігі жететін жердің бәрін тыныш қоймайды.
АРЫСТАН
ҚАУЛАҒАН ӨРТ секілді. Біз «тілсіз жау» деп атайтын бұл табиғи апаттың бір бастау алса, жан-жаққа тез тарайтынын, жалыны біраз жерді шарпитынын жақсы білеміз. Арыстанның ашуы да тура сондай. Бір басталса, басу қиын, жазықсыздан-жазықсыз біраз адам зардап шегіп қалады.
БИКЕШ
ТҰМАН дерсің тура. Не үшін ашуланғанын ашып айтпай, «ішімдегіні тап» деп тымпи-тымпи ойнай қалады. Айналасындағы адамдар не ойларын, кімнің кінәлі, айыбы неде екенін білмей дал болады. Жағдайды қалай түзейтінін де болжай алмай, қалың тұманда адасқандай күй кешеді.
ТАРАЗЫ
Маусымдық МУССОН желі секілді. Көп ашулана бермейді. Ұнамаған нәрсенің бәрін әбден ішке жиып, тостағаны толып, арнасынан асқанда бір-ақ атылады. Содан да болар, оңайлықен басылмай, ұзаққа созылады. Осыған дейін кеткен есесінің бәрін қайтарғанша тоқтамай, күнделікті бір екпінмен ызыңдап-ыңылдай береді.
САРЫШАЯН
НАЙЗАҒАЙ сынды. Өте қуатты, ашуы түскен жерді ойсыратып, топалаң салады. Ол қаһарына мінгенде, айналасындағы адамдарға өмір – қараңғы, күні – қараң.
МЕРГЕН
Тура бір ТОРНАДО. Тым тырыс отырған жерінен алақұйын боп көтеріле кетеді де, айналасының бәрін аударып-төңкеріп тастайды. Лезде түк болмағандай қайтадан сап тыйылып, мамыражай жаймашуақ орната салады.
ТАУЕШКІ
ҚАРЛЫ БҰРҚАСЫННАН кем түспейтін қаһары бар. Ашуланғанда өте салқынқанды, аяушылықтан ада жанға айналады. Ызғарына тап болғандарды тоңдыру былай тұрсын, үсітіп жібереді.
СУҚҰЙҒЫШ
СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ сияқты. Ашуланғандағы әрекетінің қандай болатынын болжау қиын. Себебі құбылмалы, әр кезде әртүрлі қылық көрсетіп, сан алуан әрекет жасайды. Әр қадамы жұмбақ, өйткені, ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын, таңқалдырарлық шешімдер табады.
БАЛЫҚТАР
БОЗАЛА ТАҢ. Таң қаларлық, бірақ Балықтардың ашуланғанының өзі әдемі әрі пайдалы құбылыс. Әрбір ренжіген, ашуланған сәтінде ешкімге қаһарын төкпейді. Керісінше, осыған әкелген дұрыс емес қадамдарын саралап, ой түйіп, қорытынды шығарып, өмірін өзгертетін жаңа шешімдер шығарады. Сондықтан олардың әрбір ашуланғаны – өміріндегі жаңа өзгерістердің бастамасы.
Аударған: А. Бектұрғанова,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: