Қысты ҚЫЗЫҚТЫ әрі ПАЙДАЛЫ өткізу үшін НЕ ІСТЕУГЕ болады?

0
357

Тиімді болу үшін қысқы фестивальдер мен көрмелерден қапы қалмаңыз.


Қысты ҚЫЗЫҚТЫ әрі ПАЙДАЛЫ өткізу үшін НЕ ІСТЕУГЕ болады?
Қыстың сұлулығын әркім өзінше бағалайды. Біреулер ақ қары мен аязын асыға күтеді. Енді біреулер жақтырмай, күн суыта бастағаннан көңіл-күйі түседі. бірақ, біреулер қаламайды екен деп қыс келмей қалмайды. Сондықтан, бұл мезгілді ұнатамын әлде ұнатпаймын деп емес, "Бұл мезгілде маған не ұнайды? Не ұнамайды? Қалай қызықты әрі пайдалы ете аламын?" деп ойланған дұрыс. Бастысы – өзіңізге ұнайтынды табу.
Жұлдыз белгілерінің қысты жақсы көруі немесе оны қалай қабылдауы олардың табиғатына, мінезіне және энергиясына байланысты. Әр жұлдыз белгісінің қысты тиімді әрі көңілді өткізуі үшін өзіндік тәсілдері бар.

Тоқты
Тоқтылар белсенді және энергияға толы. Олар қысты барынша белсенді өткізуге тырысады. Қысқы спорт түрлерімен айналысудың (шаңғы, сноуборд) белгі иелеріне берері көп. Ал жай ғана көңіл көтеріп, демалу үшін достарымен бірге шулы кештерде бас қосу жеткілікті.

Торпақ
Торпақтар жайлылық пен жылылықты ұнатады. Оларға қыста ең жақсы жер - өз үйі. Мезгілдің күндері мен түндерін тиімді әрі пайдалы мезеттерге айналдыру үшін үйде шығармашылықпен айналысқаннан (тоқу, сурет салу, т.с.с.) артығы жоқ. Демалыс жариялаған сәттерде ыстық сусын ішіп, қызықты фильмдер қараңыз.

Егіздер
Егіздер әрдайым қозғалыста. Қыс олар үшін жаңа нәрселерді үйренуге мүмкіндік. Тиімді болу үшін қысқы фестивальдер мен көрмелерден қапы қалмаңыз. Ұйымдасқан топпен саяхатқа шығудан артық демалыс таппайсыз-ау.

Шаян
Шаяндар үйдегі жайлылықты, тыныштықты жақсы көреді, бірақ табиғатты да бағалайды. Қысқы уақыты заяға кетті демес үшін үйді безендіріп, ыстық тағамдар дайындап, аспаздық қырын дамытқаны абзал. Ал бір мезгіл көңіл сергітіп, тыныққыңыз келсе, табиғатта серуендеңіз немесе фотосуреттер түсіріңіз.

Арыстан
Арыстандар ел назарында болуды ұнатады. Олар үшін қыс – нағыз жарқырау кезеңі. Мерекелік шаралардан бөлек, қайырымдылық шараларына да қатысыңыз. Сонымен қатар, өз тарапыңыздан да қысқы кештер ұйымдастыру көптеген жағымды сезімдер мен жақсы демалыс сыйлайды.

Бикеш
Бикештер ретке келтірілген өмірді ұнатады. Олар үшін қыс – жоспарлау уақыты. Күнделікті жоспар, айлық, жылдық, бірнеше жылға жоспар құрыңыз. ал ең жақсы демалыс сіз үшін - жылы көрпеге оранып немесе ыстық кофеден ұрттап отырып кітап оқу, білім арттыру.

Таразы
Таразылар әсемдікке құмар. Қыс олар үшін шабыт кезеңі. Тиімді болу үшін шығармашылықпен, өнермен айналысыңыз. Мұз айдынына барып коньки теуіп, тауға шығып шаңғымен сырғанап көңіл көтеріңіз.

Сарышаян
Сарышаяндар терең ойлануды ұнатады. Қыс – өздерін дамытуға жақсы уақыт. Тиімді болу үшін медитациямен айналысыңыз. Тың жобаларды бастаңыз.

Мерген
Мергендер саяхаттауды ұнатады. Қыс – жаңа жерлерді зерттеу кезеңі. Табиғат аясына шығу және онда спортпен шұғылдану - әрі пайдалы іс, әрі жағымды демалыс.

Тауешкі
Тауешкілерге жұмыс маңызды, бірақ олар қысқы жайлылықты да бағалайды. Мақсаттарыңызды қайта қарап, жоспар құрыңыз. Көңіл көтеру, тынығуға бөлінген уақыттарды көбіне отбасыңызбен өткізіңіз.

Суқұйғыш
Суқұйғыштар жаңа идеяларды жақсы көреді. Қыс – шығармашылықтың кезеңі. Тиімді болу үшін жаңа хобби үйреніңіз. Көңіл көтеру мақсатында қысқы квесттерге қатыссаңыз, өкінбейсіз.

Балықтар
Балықтар романтикалық әрі сезімтал жаратылыс. Олар үшін қыс – армандау мен шабыт алу кезеңі. Жазба жазып, армандарыңызды қағазға түсіріңіз. Музыка тыңдап, жиі билеңіз. Жан мен тәннің қалауын орындаңыз.

Аударған: А. БЕКТҰРҒАНОВА,

ERNUR.KZ