​Мерекеге АНАҢЫЗ қандай СЫЙ күтіп жүр? ЖАРЫҢЫЗ нені ұнатады?

0
4 353


​Мерекеге АНАҢЫЗ қандай СЫЙ күтіп жүр? ЖАРЫҢЫЗ нені ұнатады?

Осы сұрақтардың жауабын таппай, мерекеде не сыйларыңызды білмей жүрсеңіз, біз сізге керемет шпаргалка дайындап қойдық.


ТОҚТЫ – сұлулығын арттыра түсетін сыйлықтар: косметика, күтім құралы, СПА-ға сертификат, жаттығу залына абонемент, фитнес-аксессуар, т.с.с.


ТОРПАҚ – заманауи гаджет, тұрмыстық бұйым, ыдыс-аяқ, текстиль, т.с.с. сувенир боп тұрмай, іске арзитын заттар.


ЕГІЗДЕР – қандай сый ұсынсаңыз да, балаша қуанады. Егер ол бұрын-соңды көрмеген, ерекше зат немесе астарында әзіл-қалжың болса, тіпті тамаша!


ШАЯН – ерекше, астарлы мағынасы бар кәдесыйлар мен көне үлгідегі әшекей бұйымдар, сүйікті ісімен айналысқанда қажет болатын керек-жарақтары.


АРЫСТАН – зергерлік бұйым, қымбат ішкиім жиынтығы, туфли немесе ерін далабы. Сыйлықтың өзі қымбат болуы, сырт бейнесі мен қаптамасы бағалы көрінуі маңызды.


БИКЕШ – заманауи, пайдаға асатын, қымбат, бастысы – сапалы сыйлық болуға тиіс. Жаңадан шыққан бьюти-гаджеттерді қарап көріңіз.


ТАРАЗЫ – кеңсеге, жұмыс үстеліне қажетті заттар: органайзер, визитка қорабы, әмиян, құжат салатын сөмке, қымбат қаламсап, қабырға не үстел сағаты, т.с.с.


САРЫШАЯН – не сыйласаңыз да, ол қымбат, сәнді, сапалы, ешқандай жеңілдікпен алынбаған, брендтік зат болғаны абзал.


МЕРГЕН – білімін арттырып, таным көкжиегін кеңейтетін заттар: кітап, жаңадан шыққан гаджет және хоббиіне байланысты керек-жарақтар.


ТАУЕШКІ – үйге арналған, жайлылық, жылу сыйлайтын заттар: жамылғы, декоративті жастықша, хош иісті балауыз, шамдал, ыдыс-аяқ, т.с.с.


СУҚҰЙҒЫШ – смартфон және оның аксессуарлары, көлігі болса, автокөлік аксессуарлары, «ақылды» гаджеттер.


БАЛЫҚТАР – саяхатқа жолдама, чемодан, жолсөмке, коньки, шаңғы, велосипед, т.б. саяхатқа немесе белсенді демалысқа керекті құрал-жабдықтар.


Сыйлық арадағы сыйластық пен сүйіспеншілікті арттырады. Мерекеде айналаңыздағы қыз-келіншектерді құралақан қалдырмай, кішкентай болса да сый ұсынып, қуантып қойыңыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


СІЗДІҢ адамдарға ең қатты ҰНАЙТЫН ҚАСИЕТІҢІЗ