Саусақтағы таңба Сіз жайлы не дейді?

0
3 056


Саусақтағы таңба Сіз жайлы не дейді?

Адам жаратылысындағы кереметтердің бірі – саусақ таңбасы. Саусаққа түскен сызықтардың өрнегі әр адамда өзінше ерекше болатыны, қайталанбайтыны белгілі. Сөйте тұра, ғалымдар оны ұқсастықтарына қарап үш топқа бөліп қарастырады екен.

Қай топқа жататыныңызды білгіңіз келсе, алдымен саусағыңызға, содан соң астындағы суретке көз салыңыз. Тағы да төменге түссеңіз, өзіңізге қатысты тағдырдың жазуы, мінез ерекшеліктеріңіз жайлы бонус ақпарат.


1 – Доға пішінді

Саусақ таңбасы имек келген көлденең жолақтар болса, ол ескі көзқарастағы адам деген сөз. Жаңашылдықтар мен өзгерістерді қабылдауы қиын. Көпшілік ортадан, даңғаза шудан, жаңа таныстықтардан бойын аулақ салуға тырысады. Осындай мінезінен соң оларға жанашыр жан, шын дос, өмірлік серік табу қиынға түседі. Сондықтан, кей-кейде жайлы зонасынан шығып, адамдармен араласуға, жаңа таныстықтарға жол беруге, жүрегін ашуға кеңес береміз.

Өз басына жететін қырсықтығы, алған бетінен қайтпайтын бірбеткейлігі тағы бар. Соның салдарынан айналасындағылармен көп түсініспеушілікке ұрынады.

Жақсы жақтарына келсек, өте шыншыл, жалғандыққа жол бермейді, ешкімнің артынан сөйлемейді, ала жібін аттамайды. Кейде жалған айтып жұмсартуға болатын жерлерде де ащы шындықты айтам деп, көп адамға жақпай қалады. Алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын табандылығының арқасында мұндай өрнек иелері көбіне жетістікке жеткен, биікті бағындырған тұлғалар болып келеді.


2 – Шиыршық тәріздес

Саусақ таңбасы шиырланып, оратыла түскен жандар шығармашылық адамы болып келеді. Басында нендей жайт түсе қалса да, оны үрлеп-үрлеп үдетіп, асқындырып, қиындатып көрсетудің шебері. Осы мінезімен жақындарын мезі етеді.

Басқа түскен болмашының бәрін қайғы-қасірет деп қабылдағанша, өмірдің сізге тартқан сыйларын жиі еске алып тұрғаныңыз абзал. Өзіңізді жиы сынға алып, бағаңызды түсіре бермегеніңіз де жөн. Айналаңыздағы адамдар жолыңыздың болғанын жиі айта ма? Ендеше, сеніңіз оларға.

Бірінші кезекте өзіңізді өзіңіз жақсы көріңіз, құрметтеңіз, ең жақсыларға лайықпын деп санаңыз. Сонда басқалар да жақсы көріп, сыйлайды, өмір де жақсы сыйларын ұсынып, басыңыздан сипайды.


3 – Ілмек тәрізді

Егер саусақтағы өрнектер басы да, аяғы да ашық, ілмек жіп тәрізді болып келсе, жүйкесі темірдей жан екен дей беріңіз. Мұндай адамдарды тағдыр әбден қинайды, түрлі сынақ жіберіп, сындыруға тырысады. Бірақ, олар қандай қиындық болса да ерік-жігерінің арқасында түбі жеңіп шығады.

Кез келген жағдайға, ортаға тез бейімделеді. Саяхаттағанды жақсы көреді. Сондықтан бір жерде ұзақ уақыт тұрақтауы қиын, жаңаны тану, жаңа әсерлерді сезіну, түрлі оқиғаларға тап болу өмірінің бір бөлшегі секілді.

Адамдармен тез тіл табысады, айтқанын тыңдата, сөзін өткізе алады. Осы қырының арқасында көбіне басшылық қызмет атқарады. Өмір де төзімділігі мен күрескерлігі үшін лайықты сыйын ұсынып, биіктерден бір-ақ шығарады.

Аударған: Айгерім Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ИПОТЕКАҒА ЖОЛАМАҢЫЗ: Кімдерге НЕСИЕ алуға болмайды?