Сізді КҮЗГІ ДЕПРЕССИЯДАН құтқаратын ҚҰПИЯ әдіс

0
2 092

Сүреңсіз күз көңіліңізге кірбің түсірсе...


Сізді КҮЗГІ ДЕПРЕССИЯДАН құтқаратын ҚҰПИЯ әдіс

Әр жұлдыз белгісінің көңілін көктемдей құлпыртып, жанын жаздай жадырататын жағдайлар бар. Сүреңсіз күз көңіліңізге кірбің түсірсе, сол жағдайды орнатып, өзіңізге жақсылық жасаңыз.

ТОҚТЫ – таңғы таза ауада жүгіру жаныңызды қандай депрессиядан болсын емдейді.

ТОРПАҚ – жаңадан шыққан бағалы әрі әсерлі құралдармен теріңізге күтім жасап өзіңізді қуантып тұруды ұмытпаңыз.

ЕГІЗДЕР – сүйікті үстел ойынын жиі ойнап тұрыңыз. Қарсылас немесе серіктес болмаса, өзіңізбен өзіңіз ойнаңыз, қызық болады.

ШАЯН – сүйікті ісіңізбен айналысып, дәмді ас әзірлеумен әуре болыңыз, депрессияға уақыт та таппайсыз.

АРЫСТАН – бәрі сізге қарап тамсанып тұрғандай немесе ешкім көріп тұрмағандай жан-тәніңізбен беріле билеуді жиілетіңіз.

БИКЕШ – болашақ өмірге қатысты армандау, жоспарлау, мақсатты анықтау, оларды қағазға түсіру – сізді депрессия құрығына түсірмейтін тәсілдер.

ТАРАЗЫ – жан-тәніңізге тыныштық, баланс сыйлайтын йога, пилатес сынды спорт түрлерімен айналысыңыз.

САРЫШАЯН – көңіл-күйіңіз түсе бастаса, баяу ырғақты, жанға жайлы әуен тыңдаңыз.

МЕРГЕН – сізді кез келген депрессиядан сақтайтын – медитация. Бұрын жасап көрмеген болсаңыз, бастаңыз, өкінбейсіз.

ТАУЕШКІ – «Таза ауа – жанға дауа», әсіресе, сіздің жаныңызға. Табиғат аясында көбірек серуендеңіз, тынығыңыз.

СУҚҰЙҒЫШ – достарыңызбен жиі бас қосыңыз және жаңа достыққа ашық болыңыз.

БАЛЫҚТАР – жаныңыз жабырқап тұрса, суға шомылыңыз және жылап алыңыз. Артынша-ақ күндей күлімдеп шыға келесіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Туған жылыңыз өмірлік миссияңызды айтып береді