​Туған күніңізде осы сандар болса, ТАМЫЗ айы Сіз үшін ЕРЕКШЕ болмақ

0
271


​Туған күніңізде осы сандар болса, ТАМЫЗ айы Сіз үшін ЕРЕКШЕ болмақ

Сурет: life.ru

Қазіргі заманда көпшілік әлі де болашаққа қатысты сұрақтарға жауап іздеп, нумерология сияқты көне ілімдерге жүгінеді. Бұл бекерден-бекер емес. Нумерологиялық жүйе сандарды өмірлік оқиғалармен және мінез ерекшеліктерімен байланыстырады.

Нумерологтардың пікірінше, 2025 жылдың тамызы туған күнінде 2, 3, 7 немесе 9 сандары бар адамдар үшін маңызды кезең болмақ. Әр санға тән өзіндік энергия мен оқиғалар ағыны күтетін көрінеді.


"3"

Туған күнінде 3 саны барлар үшін тамыз айы – шығармашылық өрлеу уақыты. Шығармашылық шабыт пен ішкі әлеуетті ашуға таптырмас кезең. Демек бұл ай өнер, музыка, дизайнмен айналысатын жандар үшін өте қолайлы. Осы уақытта жаңа жобаларды қолға алып, батыл түрде өзіндік ерекшелікті көрсетуге, эксперименттен қорықпауға кеңес береді нумерологтар.


"7"

Туған күнінде 7 саны барлар үшін – рухани тереңдік пен ішкі өсу кезеңі. Жеке даму мен рухани ізденіске арналған сәт. Оларға нумерологтар өмірлік мақсаттар жайлы терең ойлануға кеңес береді. Осы айда жеке қалуға, медитацияға, болашақ жоспарлауға уақыт бөлсеңіз, даналықпен шешім қабылдап, ішкі үйлесімге келуге көмектеседі.


"2"

Туған күнінде 2 саны барлар үшін – қарым-қатынасты нығайтудың сәті туады. Арақатынасты жақсартуға және үйлесім орнатуға мүмкіндік береді. Жақындармен, достармен, әріптестермен түсіністік артады. Сондықтан осы тамызда жақындарыңызбен немесе жақын болғыңыз келетін жандармен жиі бас қосып тұрыңыз. Уақытты бірге өткізу, сөйлесу мен қолдау көрсету арқылы сенімді байланыстар қалыптасады.


"9"

Туған күнінде 9 саны барлар үшін тамыз – аяқталу мен жаңару кезеңі. Өткенді түйіндейтін және алдағы өзгерістерге дайындалатын шақ. Бұл ай маңызды өмірлік кезеңдердің аяқталуына және жаңа бетбұрысқа өтуге себеп болады. Нумеролог кеңесі – қажет емес нәрселермен қоштасып, жаңа тәжірибеге ашық болу.


Айта кету керек, нумерология ғылыми тұрғыда дәлелденбеген, эзотерикалық салаларға жатады. Дегенмен, көпшілік оны шабыт, түсінік және ішкі тыныштықтың көзі ретінде көреді. Оған сену-сенбеу әркімнің жеке таңдауы. Егер нумерологиялық болжамдар қиын сәттерде қолдау беріп, дұрыс көңіл күй қалыптастырса, оларды психологиялық тұрақтылықты сақтау құралы ретінде қабылдауға болады. Дұрыс ниет пен оң көзқарас кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі.

Аударған: Керім БЕК,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қатты шаршағаннан кейін энергияңызды қалпына не келтіре алады?