​ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ең жиі айтатын ӨТІРІГІ

0
3 361

"Қолым бос емес" деп кімдер көп айтады?


​ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ең жиі айтатын ӨТІРІГІ

Өтірік айту дұрыс емес екенін білсек те, әр адамның қолданатын кезі болатыны рас. Тіпті әркімнің ең жиі айтатын «жекеменшік» жалған сөздері де болады екен. Оны жұлдызына қарап біле аласыз.


ТОҚТЫ

«Бәрі жақсы болады»

Белгі иелері айналасындағы қиналған жандарды үнемі осы сөзбен жұбатумен жүреді. Ақыры соңында шынымен жақсы бола ма, жақсылықтан үміт жоқ па, бәрібір. Анығын білмей айта бергесін, ол сөзі кейде өтірік болып шығады. Әйткенмен, жаман ниетпен емес, жақсылық тілеп айтқандықтан, Тоқтыларды бұл өтірігі үшін кешіруге болады.


ТОРПАҚ

«Қолым бос емес»

Олар үшін жеке кеңісті, өз уақыты, жоспарлары өте қымбат. Оны ешімнің бұзуына, ұрлауына жол бермейді. Сондықтан мезгілсіз мазасын алғандарға көбінесе «Қолым бос емес» деп жауап береді.


ЕГІЗДЕР

«Біраздан соң өзім хабарласам»

Қашанда қарбалас үстінде жүретіндіктен, бос әңгімеге уақыты болмайды. Қоңырау шалғандарға, жолығайық, әңгімелесейік дегендерге «кейінірек өзім хабарласам» деп сөз бергенмен, ол уәдесін орындауды да жиі ұмытып жатады. Сондықтан көбіне бұл сөзі өтірік айтқан болып есептеліп қалады.


ШАЯН

«Ештеңе болған жоқ»

Шаяндар басынан не өтіп жатқанын, сезімдерін, эмоциясын ешкімге білдіргісі келмейді. Сондықтан, «Қалайсың? Не болды?» деп сұрағандарға үнемі жауабы «Жақсымын. Ештеңе болған жоқ». Тіпті, айтарлықтай оқиға болған күннің өзінде осылай жауап бергендіктен, кейде жасыру, жалған айтуға ұқсап қалатыны рас.


АРЫСТАН

«Менде бәрі тамаша!

Қиналғанын ешкімге ешқашан білдіргісі келмейтіндердің тағы бір тобы – Арыстандар. Олар басына қандай жағдай түссе де, қалын сұрағандарға «Бәрі керемет!» деп жауап береді.

БИКЕШ

«Мен сені мәжбүрлемеймін, өзің шеш»

Осылай деп алады да, артынан түрлі сөзбен манипуляция жасауға көшеді. Өз айтқанының дұрыстығын түрлі тәсілмен дәлелдеу арқылы дегеніне көндіреді.


ТАРАЗЫ

«Құпияңды өз сырымдай сақтаймын»

Осылай деп антсу ішсе де, сенбеңіз. Өйткені, Таразылар сыр сақтай алмайды. Біреудің құпиясын елге жаман ниетпен жаймайды. Әйтсе де, табиғатынан «сыр сандық» емес болғандықтан, байқаусызда айтып қояды.


САРЫШАЯН

«Кешірдім»

Белгі иелері тумысынан кекшіл, біреуде кеткен есесін оңайлықпен ұмытпайды. Қалған көңілінің де қайта жібуі қиын. Сондықтан, кім де кімге «Мен сені кешірдім» деп айтқанымен, шын жүректен шықпауы әбден мүмкін.


МЕРГЕН

«Қазір жасаймын»

Мергендер – кейінге қалдырудың хас шебері. Әр істі бір уақытта бітіруге белгілеп алғанмен амалын тауып шегере береді, шегере береді. Ақыр соңында тап «тұқым аузына келгенде» тыпырлап отырғаны. Сондықтан «Қазір-ақ жасап тастаймын» деген сөзіне көбіне иланбаған дұрыс.


ТАУЕШКІ

«Мен өзіме сенімдімін»

Асылында, Тауешкілер – өзіне ең сенімсіз адамдар. Сөйте тұра, айналасына өзіне нық сенімді жан сияқты көрінгісі келеді. «Мен сенімдімін, өзіме сенем» деп жиі қайталауы да осының дәлелі.


СУҚҰЙҒЫШ

«Жай әзілдедім»

Белгі иелері бүткіл әлемді ирония, сарказммен қабылдайды. Тіпті ең қиын жағдайдың өзін әзілге айналдырып жеңілдете алады. Кез келген нәрсеге пікірін де осы әдістермен білдіреді. Соңыра «Мен жай, әзілдеп айттым» деп ақталуы мүмкін. Алайда, оның астарында нағыз көзқарасы, ой-пікірі жатады.


БАЛЫҚТАР

«Бұлай болады деп ойламадым»

Белгі иелері өз іс-әрекеті мен сөзіне жауапкершілік алудан қашады. Үнемі болған жағдайға өзгелерді кінәлап, өзінің басын арашалап алуға дайын тұрады, тіпті өзін ақтауға мүмкіндік болмаса, «Мен бұлай болады деп ойламадым, мұндай болатынын білмей қалдымға» басады.


Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ҚАЙ ЖЕРІҢІЗ ауырады? АЛАҚАНҒА ҚАРАП біле аласыз