Жұлдызжорамал екінші жартысын таппай жүрген жалғыз да жаралы жүректерге арналады.
Махаббат майданында үнемі жеңіліске ұшырап, «жүрегіңіздің жартысын» таппай не жараса алмай жүрсіз бе? Ендеше сізді «Неге?» деген сұрақ та аз мазаламайды. Жан сарайыңызға үңіліп қараңыз, бәлкім мәселе өзіңізде? Таппасаңыз, астрологтар көмектесуге дайын.
Тоқты – әлсіз және өзге біреуге тәуелді адам болу олар үшін өте қиын. Егемендігін ешкімге де, ештеңеге де айырбастағысы келмейді. Қарым-қатынаста сүйіктісімен арада тұратын ең үлкен қамал – осы.
Торпақ – махаббатқа сенетін, сүйген адамы үшін бәріне баруға даяр. Дегенмен, көкейінде үнемі сайрап тұратын «Сезімім мен назарыма лайықты, тиісті жауап қайтпаса ше?» деген күмәнді ой кедергі келтіреді де тұрады.
Егіздер – өзі ешкімге тәуелді болғысы келмейді, ал сүйген адамының өзіне толықтай бағынғанын қалайды. Осы қарама-қайшылық кіммен де болсын қарым-қатынасына сызат түсірмей тұрмайды.
Шаян – сезімге берілгіш белгі иелері үшін ең ауыр соққы – сатқындық. Опасыздық жасауы мүмкін-ау деген титтей болсын күмән туса болғаны, ақ-қарасын айырмай жатып ара қатынасты үзіп, ат құйрығын кесісіп, бірінші болып өзі басын ала қашады.
Арыстан – адамдар ортасында ашық та ақкөңіл болғанымен, сүйіктісімен оңаша қалғанда, жеке қарым-қатынаста аса сақ. Махаббат жолында көп нәрсені құрбандыққа шалып қоямын ба деген қорқыныштан жүрегініжүрегінің айналасына берік қорған салып қойған. Ол қорғанды бұзып-жарып Арыстанның жүрегіне ену қиынның-қиыны.
Бикеш – көп жағдайда жеке өміріне кесірін тигізетін мінезі – шектен тыс талапшылдығы мен сыншылдығы. Мұндай қиын мінезіне төзетін жанды тапқан күннің өзінде, «ондай махаббатқа лайықпын емеспін» деген ой тыныштық бермейді. Мұндай ой баянды махаббаттың бақытына бөлену жолына тосқауыл болады, әлбетте.
Таразы – өзінің барлық кемшіліктері мен қателіктерін еш уақытта есінен шығармайды әрі кешірмейді. Осының кесірінен өзге адамның адында ар-ұяты мазалап, ашылып сырласа, сезімін білдіре алмайды.
Сарышаян – олардың бойында жақын қарым-қатынас, сезімге берілу адамды әлсіз етеді, осал тұстарыңды көбейтеді деген қорқыныш бар. Оны жеңбейінше, сүйгеніне сезімін білдіруі екіталай.
Мерген – олар әдетте адамдардың тек жақсы жақтарын ғана көреді, ақкөңіл де аңғал, сенгіш. Алайда сүйікті адамына келгенде көңілі кез келгеннен күмәнданып, секем алып тұрады. Нәтижесінде олардың араларын осы сенімсіздік алыстатады.
Тауешкі – олардың ең жек көретіні күту мен күмәндану. Сондықтан, «Кеездесуге қашан келер екен», «Қашан қоңырау шалады?», «қазір қайда, кіммен жүр?» деген сұрақтарға бас қатырғаннан көрі, ара қатынасты үзе салып, алаңсыз жүргенді дұрыс көреді.
Суқұйғыш – олардың бойындағы ең үлкен тосқауылдар – біреуге бағынышты болудан, сүйіктісінің көңілінен шықпаудан және эмоционалдық жақындықтан қорқу.
Балықтар – олар қажет кезінде өтіріктің көмегіне жүгініп көп жағдайдан оңай сытылып кетеді. Осы сыры өзіне мәлім болғандықтан, сүйіктісінің де ір сөзіне үнемі күмән келтіріп тұрады. Мұндай күдік-күмән қандай берік махаббатқа да сызат түсіруге қауқарлы.
Бойыңыздағы осы аталған үрейлер мен кедергілерді жеңсеңіз, бақытқа жол ашылатынына сене беріңіз.
Аударған: А.Мейірханқызы,