ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім қалай қартаяды?

0
5 234


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім қалай қартаяды?

Қартаю – өмірдің заңдылығы. Ол қуаныш та, қайғы да емес. Десе де, қарттық денсаулықтан, белсенділіктен, қажырлылықтан айырады. Мұны бәріміз де білеміз. Бірақ жыл сайын жаңа жас қосып, қарттық жолына түскенімізді мойындағымыз келмейді. Қашанда жас көрінуге талпынамыз. Дегенмен, әдемі қартаю өзімізге байланысты. Ендеше, жұлдыз бегіңізге қарай қалай қартаятыныңызды біліп, әдемі қартаюдың амалын қарастырыңыз...


Тоқты

Тоқтылар өмірсүйгіш келеді. Олар өз әлемінде ерекше көңіл-күймен өмір сүреді. Өмірі тосын сыйға толы болады. Өте сергек жүретін Тоқтылар өмірінің соңына дейін өзін жас әрі қуатты сезінеді. Бұл белгі иелері өздері қалаған іспен 60 жастан асса да айналыса алады.


Торпақ

Тағамды сүйсіне жейтін Торпақтардың сырт келбеті сайрап тұрады. Олар шамадан артық тамақтанғандықтан физикалық және пихологиялық жағынан өз қабілетінен айырылады. Бұған қарамастан Торпақтар ұзақ өмір сүруге талпыныс жасайды.


Егіздер

Бұл белгі иелері жастайынан алдына мақсат қойып, жетпейінше тыным таппайды. Тіпті, түнді таңға жалғайтын кездері де болады. Десе де, Егіздер шаршауды білмейді. Қартайса да қалпынан танбай, тынымсыз еңбек етеді. Зейнет жасына жетсе де жұмысын тастай алмайды.


Шаян

Қартайған Шаяндардың екі түрі болады: бірі айналасындағыларға қамқорлық танытып, отбасының жағдайын жасаса, енді бірі «ақ шашымды сыйлаңдар» деп өзінің бағасын көтеріп жатады. Бұл белгі иелерінің өрісі кеңейіп, көп немере-шөбере көреді.


Арыстан

Табиғатынан Арыстандар өте байсалды, салмақты келеді. Қартайған шағында да бұл болмысынан айнымайды. Көпшілік ортада құрметке, сыйға ие болады. Сондықтан бұл белгі иелері ұзақ өмір сүреді. Ғасырға аяқ басқан жасында абыройлы әрі бақытты ғұмыр кешеді.


Бикеш

Бикештер сынды жаны сүйеді. Денсаулығын жақсы күтіп, дене бітімін бір қалыпта ұстағанды ұнатады. Қарттық біліне бастаса да олар бұл жақсы әдеттерін тастамайды. Ақыл мен күштің иесі саналатын Бикештер қартайса да тартымды келбетін сақтайды.


Таразы

Бұл белгі иелері думаншыл, сауықшыл. Олар үнемі көпшіліктің ортасында жүреді. Сондықтан да болар жас қалпын сақтап, әжім түсуіне жол бермейді. 70-80 жастың кемесіне мінсе де, 40 жастағыдай қылшылдап тұрады. Оларға нақты жас беру қиын.


Сарышаян

Сарышаяндар қарттықты жақсы қабылдайды. Өздерін ақылды, данышпан, өнегелі жан ретінде сезінеді. Бұл белгі иелері қартайғанда сабырды серік етіп, өздерін мойындатады. Жастармен жағаласып қызмет жасамай, зейнетіне қанағат етеді.


Мерген

Мергендер қартаюдан қатты қорқатын белгі иесі. Сондықтан да олар үнемі қартаймаудың амалын жасайды. Айналасындағыларды «қанша жастамын, қанша жас бересің» деп мезі етеді. Бұл сұрақтан өзіне ұнайтын жауапты есту үшін табандылық танытып, спортпен тұрақты шұғылданады.


Тауешкі

Басқа белгі иелеріне тән қасиет Тауешкілердің бойынан да табылады. Олар әдемі қартя білетін, сабырлы әрі жомарт жандар. Сонымен қатар, қартайған шақта болмашыға балаша қуанып, болмайтын нәрсеге бір демде ашулана салады. Қарт Тауешкімен өте абайлап байланысу керек.


Суқұйғыш

Жұлдызшылардың пайымдауынша, Суқұйғыш белгісіндегілер өте нәзік әрі сезімтал келеді. Бұл мінез қартайған шақта да қалмайды. Қартаюдан қатты қорқады. Десе де, қамығып ұзақ отырмай, «Қартаю – ауру емес» дегенді алға тартып, мақсатына ұмтылуды жөн көреді.


Балықтар

Қартайған Балықтар өте қорқақ келеді. Ол бетіндегі әжім үшін емес, орындалмай қалған арман мен мақсаты үшін алаңдайды. Егер бұл ойдан арылса, ұрпағымен бақытты, баянды өмір сүреді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СӘТСІЗДІККЕ көп ұшырайсыз ба, оның себебі МҰНДА