​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Сөзіңіз бен ісіңіз сай келе ме?

0
1 306

Сөзі мен ісінің сай келуі – адамның құндылығын арттыратын қасиет.


​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Сөзіңіз бен ісіңіз сай келе ме?


Сөзі мен ісінің сай келуі – адамның құндылығын арттыратын қасиет. Бұл қасиет сізде бар ма?


ТОҚТЫ

Көп ойлайды. Аз сөйлейді. Іске келгенде мығым. Бәрін орнымен, дұрыс жасайды. «Арық айтып, семіз шығатынның» нақ өзі.


ТОРПАҚ

Көп ойлайды. Ойлағанын ұғынықты, сенімді етіп жеткізе біледі. Сөзіне сендіре алады. Алайда, іске келгенде... Кейде сөзіне сай, кейде былай-былай...


ЕГІЗДЕР

Бар ойы тек өзі жайлы ғана. Сөйлеуінде сүзгі жоқ. Сөзбен тау қопарып, тас жарады. Іс-әрекеттерін мінсіз, нәтижесін керемет деп ойлайды. Алайда, айналасындағы адамдардың берер бағасы үнемі ондай емес, әр кезде әрқалай.


ШАЯН

Үнемі ой үстінде. Ойларымен бөліссе, қызықтырып, елктіріп әкетеді. Алайда, өз идеяларын жүзеге асыруға дәрменсіз. Бұйрыққа бағынуға бейім. Тапсырғанды ғана орындаумен тоқталады.


АРЫСТАН

Ойы нақты. Сөзі – семіз. Артық айтып, «аспандағы айды әперем» деп уәде беріп қойғасын, іске келгенде барын салып тырысады. Нәтижесі – қолынан келгенінше.


БИКЕШ

Ойлағаны – бір басқа. Айтқаны – мүлде басқа. Ісі – екеуіне де сәйкес келмейтіндей, мүлде өзгеше. Алайда, ойлағанынан да, айтқанынан да артық, сапалы, бағалы.


ТАРАЗЫ

Ойы шектен тыс көп, шамасынан асық. Бірақ, ойлағаныны бәрін іске асыруға уәде бермейді. Шамасы қай жерге дейін жететінін ашық айтады. Айтқанын асқан жауапкершілікпен жасайды.


САРЫШАЯН

Ойы – нық. Сөзі – анық. Сөйте тұра, ойлағаны мен айтқанының бәрін қолға ала бермейді. Өзіне ұнағанын, көңілі қалаған жұмысты ғана бастап, соңына дейін жеткізеді.


МЕРГЕН

Бәрін тек мен ойлаймын деп түсінеді. Өзінен басқалардың бәрі міндетті деп айтады. Тірлікті де біреудің қолымен бітіреді. Жұмсау, өтініш жасау, басын бастап, негізгі жұмыс пен нәтиже шығаруды басқаға ауара салудың шебері.


ТАУЕШКІ

Ойлары көп болғаны сонша, реті жоқ. Миына не кірсе, соны ойлай береді. Алайда оның бәрін сөзге, іске айналдырмайды. Көпшілігін ой күйінде қалдырады. Қолынан келетінін ғана істейді.


СУҚҰЙҒЫШ

Ойының бәрі «Осы маған керек пе?» дегеннен басталады. Сөзі – «Керек болса, жасаймын» деумен аяқталады. Осы тұста іске кірісіп кетіп, үздік нәтижемен аяқтайды.


БАЛЫҚТАР

Өзінің ойлағандарын өзінен басқа ешкім білмейді, ұқпайды деп сенеді. Сондықтан да, сөзінің жартысынан көбі ақыл-кеңес. Іске келгенде, басында қадалып тұрған тексеру болса - сапалы. Қадағалау болмаса, қалай болса солай.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Екі ЖҰЛДЫЗ қосылса, не болады?