​Төсектегі ләззаттан соң бұларды істеуге БОЛМАЙДЫ!

0
121 655

Әйеліңізбен (күйеуіңізбен) жақындасардың алдында тісіңізді ғана емес, жыныс мүшелерін де жууды, иіссу себінуді білесіз. Ал, қатынас өз мәресіне жеткеннен соң не істеуге болмайтынын білесіз бе? Бұны барлық ерлі-зайыпты білгені жөн!


​Төсектегі ләззаттан соң бұларды істеуге БОЛМАЙДЫ!

фото: polzavred.ru

Түн. Сүйісу, аймаласу. Түймелер ағытылып, төске төс тиіп, жылы қан тарады. Бой шымырлап, жүрек талықсыды. Дене балқып, жиі ыстық дем алып, алысып, арпалысып жатырсыз. Еріп барасыз. Ерігеніңіздің белгісі болар, денеңіз терге малшынды. Басқа жұмысты дәл осылай терлеп істемес едіңіз-ә?!

Ақын Мағжан атамыз айтпақшы, «Бұл ләззаттың бір минутын да бермеймін, патша тағы, бүкіл дүние малына...» дерсіз. «Бітпесе екен» деп тілейсіз. Бірақ, мәңгілік ешнәрсе жоқ, басталған шаруа аяқталады. Иә, бүгінгі қатынас та өз мәресіне жетті. Ары қарай іс-әрекетіңіз қандай болады?

Біреу киімін киюге, біреу жуынатын бөлмеге, ал біреу темекі тұтандыруға, тағы біреу кетуге асығады... Тоқтаңыз! Алдымен, нені істеуге болмайтынын біліп алыңыз!


Төсектен жылдам тұруға болмайды!

НЕГЕ? Қатынас аяқталған соң еркектен ұрық бөлінеді, әйелден де. Ал, екі тәннен де тер шығады. Бұл сыртқы бөлінулер болып саналады. Дәл сол секілді ішкі ағзада да түрлі бөлінулер орын алады. Тек жыныстық қатынастан кейін бөлінетін гормондар бар. Бұл қажетті гормондар тиісті мөлшерде бөлініп, ішкі сұйық ортаға, яғни, қанға, ұлпаға сіңуі үшін, 30 минуттай тыныш қалыпта жата тұрғаныңыз жөн.

Соншама энергия жұмсадыңыз, әншейінде айтуға қиналатын қаншама тәтті сөздерді айттыңыз. Соның бәрі не үшін? Енді неге осы әдемі сәттің бақытын сезініп төсекте ұзақ жатпасқа?!


Ашулануға болмайды!

НЕГЕ? Жыныстық қатынас кезінде ми мен жүйке жүйесінде химиялық реакция жүреді. Мамандардың айтуынша, бұндай белсенді процестен соң ішкі секрециялық бездерден бөлінген сұйықтық қанға өтерде егер адам ашуланатын болса, ол уға айналады екен. Демек, сүтті ұйытып айранға айналдырып пайдаға жаратпадыңыз, оны ашытып жібердіңіз деген сөз.

Реніш-өкпеңізді, жеке проблемаларыңызды ертең-ақ айтасыз ғой, шыдаңыз. Шаруа аяқталғаннан кейін сіз үшін барын салып әлекке түскен адамның көңіл күйін түсіретін, ашуландыратын жағымсыз сөздерді айтудан аулақ болыңыз.


Темекі шегуге болмайды!

НЕГЕ? Жыныстық қатынастан соң қанға адреналин де бөлінеді. Бұл артериальды қан қысымын жоғарылатады. Ал қан қысымы жоғарылағанда не істеу керек? Ағзаны да, жүйкені де тыныштандыруға тырысқан жөн. Ал, темекі, алкогольді ішімдік ағзаға түсетін қысымды одан сайын жоғарылатып, жүрекке ауырлық салып, өлім қаупін жақындатады. Қаншама адам аяқ астында жүрек инфарктінен көз жұмып жатыр. Алдыңызда ләззатқа батыратын қаншама түн бар, оны бір тал темекіге, бір стакан спиртті ішімдікке айырбастамақсыз ба?..


Су ішуге болмайды!

НЕГЕ? Фитнес залдарға барып жүрсеңіз, тренерден «Бірден су ішпеңіз, ұрттап қана ішу керек» деген кеңесті естіген боларсыз. Жыныстық қатынас та дене жаттығуына, дұрысы, бұл боксқа ұқсайды.

Байқасаңыз, бірінші раунд аяқталған соң, ентігіп отырған боксшыға су ішкізе ме? Жоқ, тек аузын шаюға рұқсат береді. Неге? Өйткені, бұл ағзаға зиян. Екінші раундқа дайындалуға бір жұтым су да жеткілікті.


Жуынуға болмайды!

Үйкелістен соң қынаптың ішкі нәзік қабырғасында, еркек мүшесінің ұшындағы теріде уақытша ісіну, ауырсыну орын алады. Жыныс мүшесінің микрофлорасы тән қатынасынан соң жыныс мүшесінен бөлінген сұйықтықтың көмегімен қалпына келеді. Сондықтан да, оны жуып тастауға асықпаңыз.

Дененің басқа бөліктеріндегі тері қажалғанда оған дәрі-дәрмек қолданасыз, ал қынап пен еркектік мүшенің ұшына ең жақсы дәрі – өзінен бөлінген сұйықтық.

Бет терісіне маска жағып, оны артынша жуып тастай салсаңыз, оның әсері болмайды. Ендеше, жыныс мүшесінің табиғи маскасын кем дегенде шамамен жарты сағат уақыттан соң жылы сумен жуыңыз. Сабын, басқа да химиялық жуғыш заттарды пайдалануға болмайды. Тек қана жылы су.

Бүгінгі сабақты қорытындылайық. Физикалық және психикалық саулық үшін, жыныстық қатынастан соң темекі шегуге, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Ал, жуынуға, су ішуге болады, бірақ, асықпаңыз!

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Күйеуіңіз үшін құпия болуы тиіс «интим» жаттығу

Күйеуіңіз тек сізді «қалап тұрғанын» қалайсыз ба?