​Ұзақ уақыт бойы ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСтың болмауы ӘЙЕЛГЕ немесе ЕРКЕККЕ зиян ба?

0
12 641

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі немесе сирек болуы керек?


​Ұзақ уақыт бойы ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСтың болмауы ӘЙЕЛГЕ немесе ЕРКЕККЕ зиян ба?

Жалпы жыныстық қатынас жұптық өмірдің бір бөлшегі. Жыныстық қатынастың да шегі болады. Яғни, ол шамадан тыс көп те, аз да болмауы керек. Жыныстық қатынассыз адам қаншалықты ұзақ уақыт жүре алады және оның адам ағзасына қандай әсері бар?

Көбінесе жалғызбасты әйелдердің сұрағы және олардың мифтерге сенуі түзу жолынан тайдыруы да мүмкін. Сондықтан, кез-келген жалған түсінікке сенбей, маманның кеңесіне ғана құлақ асыңыз.


ӘЙЕЛдер үшін СЕКС ҚАНША УАҚЫТ болуы тиіс?

Өмірдің әртүрлі тауқыметіне байланысты күйеуімен ажырасып кетіп жатқан немесе күйеуі қайтыс болған, қандай да бір жағдайлармен серігінен айырылып қалған әйелдерге «ақыл» айтатындар да кездеседі. «Жыныстық қатынассыз ұзақ уақыт жүріп қалу әйелдің денсаулығына зиян. Тұрақты секс болмаса ауру болып қаласың, рак аурулары, гинекологиялық аурулар өршиді» деген сөздер жалғызбасты әйелдің үрейін ұшырмауы мүмкін емес. Әрине, ешкім ауру болғысы келмейді.

Біріншіден, әйел адам мұны есте сақтауы керек, жыныстық қатынассыз жүрудің аса бір зиян келтірерліктей әсері жоқ. Жалпы ер адам мен әйелдің ағзасындағы өзгешеліктер солай, әйел жыныстық қатынас болмаса да жүре алады. Кейде мұның әйел ағзасына белгілі бір пайдасы да бар. Тым жиі жыныстық қатынасқа түсетін әйелге қарағанда арасында «демалыс алып» тұратын әйелдердің ағзасы демалуға мүмкіндік алады. Әйелдің жатырына да психологиялық жағдайына да оң әсер етеді мұндай үзілістер. Рухани даму жолына, рухани өсуіне де ықпал етеді. Жыныстық қатынаста жиі болмаудың да осы тұстары пайдалы.


Екіншіден, жатырдың қалпына келуіне, ішкі ағзалардың өз жұмысын жандандыруы үшін жыныстық қатынастан біраз уақытқа бас тарту жақсы әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жыныстық қатынасқа жиі түсетін әйелдер қартаюға бейім болады екен. Ал, керісінше, жыныстық қатынасқа мүлдем түспей қою да әйелдің денсаулығына кері әсер етеді. Белгілі бір уақыт аралығында ғана, яғни уақытша себептермен жыныстық қатынастан бас тарту жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан қорғайды.

Егер сіз жалғызбасты әйел болсаңыз, жыныстық қатынаста болмасам, менде рак ауруы пайда болады екен деп қорқудың қажеті жоқ. Бұл ауру күнделікті жыныстық қатынаста болып жүрген әйелдерде де кездеседі.

Яғни, бұл аурудың себебі басқада. Алайда, жыныстық қатынассыз жүре беруге болады деген сөз емес бұл. Тек қана солай болуы керек екен деп теріс жолға түсуден сақтаныңыз.

Әйел жыныстық қатынастан қол үзіп қалса, жүйке жүйесіне әсер етеді, ашуланшақ болады. Өйткені, әйел жыныстық қатынастың ләззатын, оргазмды сезінбегендіктен, эндорфин гормоны (бақыт гормоны) бөлінбейді. Ал бұл гормон бөлінбегендіктен, әйел өзін толыққанды, бақытты әйел ретінде сезіне алмайды.

Екіншіден, кіші жамбас қуысында қанның тұрақтап қалуы, яғни қанайналымының дұрыс жүрмеуінен жыныстық аурулар пайда болуы мүмкін. Бірақ бұның да алдын алуға болады. Егер сізде жыныстық қатынас болмаса, физикалық түрде белсенді болуыңыз қажет. Сонымен қатар, отырып-тұру жаттығуын жасау арқылы кіші жамбас қуысындағы қанайналымды жақсартуға болады.


ГОРМОН бұзылыстары

Егер әйел ағзасында эндорфин гормонын өндіру үшін тек қана жыныстық қатынаспен ала алады деген шектеу жоқ. Оның орнына табиғаттың әсем көркін тамашалап, тауға шығып, сыңғырлаған су жағасына барып, таза ауамен тыныстап, бақыт гормонын бөлуге болады. Яғни әйелі өзін өзі бақытты етуді үйренсе, тым болмағанда өзіне өзі сыйлық жасап, қуанта алса, оған ешқандай жыныстық қатынастың керегі жоқ.


ЕРКЕКтер ҚАНШАЛЫҚТЫ жыныстық қатынасты қажет етеді?

Алайда, әйелдің ағзасына қарағанда, ер адамның ағзасына жыныстық қатынастың болмауы өте көп кері әсерін тигізеді. Өйткені, ер адамның ағзасы үнемі сперматазоидтарды өндіріп тұрады. Сондықтан, ұзақ уақыт жыныстық қатынас болмағанда ағзадағы сперматазодтар асып кетеді. Ағза өз бойынан артып кеткен сперматазоидтармен күресе бастайды. Мұның салдары түнгі уақыттарда шәует сыртқа бөлініп кететін болады. Сонымен қатар, жүйке жүйесі бұзылып, эротикалық түстер көріп, тестостеронның шамадан артық бөлінуіне байланысты ол агрессивті, ашуланшақ бола бастайды. Тіпті, мұның соңы психозға дейін апаруы мүмкін. Жыныстық қатынас болмаған еркектер тіпті өз өзіне қол жұмсауға дейін жетуі ықтимал. Депрессияға ұшырап, кіші жамбас қуысында қан айналым болмағандықтан, импотенция даму қаупі басымырақ. Ағза сперматазоидты өндірді, ол көбейе береді, бірақ сыртқа шықпайды. Одан кейін ағза басқа әдіске көшеді. Яғни, ағза сперматазоид өндіруді азайта бастайды. Біртіндеп ол қызметін тоқтатады. Содан ер адам белсіз болып қалуы, ауруға душар болады.

Сондықтан, жыныстық қатынас та мөлшерімен болғаны дұрыс. Ол шамадан тыс көп те болмауы керек, шамадан тыс аз да болмауы тиіс.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЕРКЕКтің сезім НҮКТЕлерін білсеңіз, жыныстық қатынас САПАЛЫ болады


ТЕЗ арада ЖҮКТІ болу үшін МЫНА ЕКІ "ПОЗАны" білу қажет