​ШҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтыру жағдайлары анықталды

0
135


​ШҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтыру жағдайлары анықталды

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «гонконг тұмауына» шалдыққандар тіркеліп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жаңа вирусты жұқтырғандардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді.

“ Зертханалық мониторинг нәтижесінде облыста А/H2N3 типті тұмаудың, яғни «гонконг тұмауының» 5 фактісі анықталды. Бұл вирусты емдеу жалпы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу тәртібімен бірдей жүргізіледі”, — дейді департаменттің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсем Халықова.
Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бергі бір жарым ай ішінде 41 мың ЖРВИ тіркелген. Науқастардың жартысынан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар. Соған қарамастан, бұл көрсеткіш былтырғы 2024-2025 маусыммен салыстырғанда 10 пайызға төмен.

“ Облыста тұмаудан бөлек риновирус, аденовирус және боковирус та тарап жатыр. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанғандар санының өскені байқалады “, — дейді Ә.Халықова.