ЖҮКТІ боп қала беретін әйелдерді ЕРКЕКТЕР ҰНАТА БЕРМЕЙДІ

0
7 601

​ӨЗГЕ әйелді ТӨСЕКТЕ сөз қылатындарды ЕРКЕКТЕР ҰНАТПАЙДЫ


ЖҮКТІ боп қала беретін әйелдерді ЕРКЕКТЕР ҰНАТА БЕРМЕЙДІ

Еркектердің төсек қатынасында ұнатпайтын нәрсесі көп. Бұған дейін әйелдің жыныстық қатынас кезіндегі қателіктерінің көпшілігі белгілі болған. Сол тізімді жалғастырар болсақ, еркектердің ұнатпайтыны таусылмақ емес екен.

Едеше, тағы бір шолу жасап көрейік.


«Ересектерге арналған» фильм көруіне қарсы болмаңыз

Еркектерді мұндай фильмдерден алыстатар болсаңыз, өзінің ішкі қалауына тұншығып, тұйықталып алады екен де, сізге сыр ашпай қоятын көрінеді.

Яғни, тән жақындығында сізбен еркін бола алмайды. Қалауын да ашық білдіре алмайды және сол сияқты, сіздің де кейбір қалауларыңызды түсінуі қиын болады екен. Ал еркектер тұйықталып, сыртқа ешбір сезімін білдірмесе, күйзеліске тез түседі.

Сондықтан, оларға еркіндік беріп тұру және қандай қалауы болса да кедергі келтірмеу керек деседі. Әрине, адамдықтың шегінен шықпайтын, адам түйсігіне сыятын болуы тиіс.

Ал санасына кері әсер ететін дүниелерге қарсы болу керек.


Оның көзінше бөгде әйелдің дене сымбатын сөз етпеңіз

Еркектердің барлығының дерлік ұнатпайтыны – әйелдердің бөгде әйелдің дене сымбатына сын айту. Әсіресе, бұл сын төсекте айтылса құп көрмейді екен.

Себебі сол, еркектер өзге тұрмақ өз әйеліне де үнемі сын көзбен қарап, ойша салыстыратынын ұмытпаған жөн.

Басқаларды әңгіме ету, сын айту – өзіңізге деген көзқарасты мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, төсекте жатқанда «бөтен» туралы сөз қозғамаған абзал. Қай жағынан болса да...


Еркектер «төсек туралы кеңеске» сенбейді

Иә, олар осынау жазылып-айтылып жатқан жыныстық қатынас туралы кеңестердің ешбіріне сенбейді. Тіпті, орындап көруге де құлқы болмайды.

Демек, оның алдында жыныстық қатынас туралы «ана кітапта былай жазылыпты, мына жерде бүйту керек екен» деген кеңестерді айтып әуре болмаңыз. Еркек тек қалауын ғана орындайды және әйелдің емеурінін орындағысы келеді. Ал сөзбен айтып, бұйырып дегеніңізге жете алмайсыз. Олай ету өзіңізге де ыңғайсыздық тудыруы ғажап емес.


Оны қызғандырудың да қажеті жоқ

Қызғанышы оянған еркек төсекте керемет болады деп ойласаңыз, қателесесіз.

Бұл көптеген әйелдің қателігі. Қолдан қызғаныш сезімін тудырамын деп оның өзіңізге деген қалауын өшіріп алуыңыз да ғажап емес.

Еркектің қызғанышы оянды дегенше, оның көз алдына «көзге шөп салу» міндетті түрде келе береді. Ал бұл жақсылыққа апармайтын сезім. Оның өзіңізге деген ынтызарын оятуға өзге әдісті іздегеніңіз мақұл.


Жүкті болып қала беру

Иә, сүйікті жарыңмен бірге ыстық құшақ, адал махаббаттан соң пайда болған перзент жақсы. Бірақ ол да қалаумен орындалуы керектігін айтып жүр қазіргі зерттеушілер.

Ал еркектердің тез жүкті боп қала беретін әйелдерден жылдам жерінуінің бір себебі де осында екен. Қауіпсіздік шараларын сақтамай, алдын ала жоспарын айтпай жүкті болудан еркек біткен іштей шошитын көрінеді. Әрине, көптен сәби иісін аңсап жүргендердің жөні бөлек.

Бірақ баласын емшектен кеше шығарып, бүгін тағы жүкті боп қалу еркектердің бәріне бірдей ұнай бермейді. Жүктілік, жеріктік пен бала босану, одан кейінгі бала күтімі мен емізу сияқты жағдайлар еркектің әйелінен біраз уақытқа қол үзуі, қажетті деңгейде тән жақындығына қанағаттана алмауы екенін есте сақтағайсыз.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ