"10-3-2-1": Дәрігер тез ұйықтап қалудың қарапайым әдісін айтты

0
611

​Ұйқыны жақсартуға көмектесетін "формула" бар.


ERNUR.KZ. Британ денсаулық сақтау қызметінің дәрігері Каран Радж тез ұйықтап, сергек ояну үшін не істеу керектігін айтты. Оның пікірінше, "10-3-2-1" формуласын қолдану қажет, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл әдіс ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуды қарастырады. Бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет.

Сондай-ақ ұйқыға жатар уақытқа үш сағат қалғанда тоя тамақтанудан бас тарту керек.

"Бұл қыжылды (изжога) болдырмауға және түнде оянып кетпеуге көмектеседі", - деді Радж.

Сонымен қатар дәрігер "тез ұйықтауға" кедергі келтіретіндіктен алкоголь ішпеуге кеңес берді. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын жұмысты тоқтатыңыз. Бұл бойды еркін ұстауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды маман.

Ұйықтардан бір сағат бұрын телефонды қою керек.