10 млн халқы бар Индонезия астанасы 10 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін

0
1 852

Сарапшылар Джакартада топырақ қабаты жылына 10-25 см шөгуде дейді.


10 млн халқы бар Индонезия астанасы 10 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Индонезия соңғы 15 жыл ішінде топырақ қабатының шөгуі және теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты, құрлықтағы 29 мың гектардай жерінен айырылды. Бұл Джакартаның ауданымен пара-пар, деп жазады ҚазАқпарат.

Елдің Теңіз істері және балық шаруашылығы министрлігінің деректеріне қарағанда, Ява аралындағы жағдай қатты алаңдатады. Аралдың солтүстік жағалауындағы жер күшті эрозияға ұшыраған.

Бұған теңіздің қуатты толқындары, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың шаруашылық қызметі де әсер етіп отыр. Кесілген ормандар мен плантациялардың орны жылдам эрозияға ұшырап барады.

Сарапшылардың айтуынша, Джакартада топырақ қабаты жылына 10-25 см шөгеді. Билікті алаңдататын тағы бір жайт, қала аумағының 40%-ға жуығы онсыз да теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Егер жағдай оңдалмаса, 2030 жылға қарай Джакарта толықтай су астында қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда Джакартада он миллионға жуық халық тұрады.