Тегін жол жүру қызметі қаланың барлық автобус бағыттарын қамтиды.
ERNUR.KZ. Түркістан қаласында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында қоғамдық көліктер тұрғындар мен қала қонақтарына тегін қызмет көрсетуде. Аталған бастама - азаматтардың сайлау күні дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне және сайлау процесіне қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Тегін жол жүру қызметі қаланың барлық автобус бағыттарын қамтиды. Осылайша, тұрғындар қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Айта кетейік, қалада 68 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Облыс орталығында барлығы 139 029 сайлаушы дауыс бере алады.


