10 жыл бұрын қайтыс болған сатушының денесі тоңазытқыштың артынан табылды

0
1 213

Ол азаматқа 2009 жылы іздеу салынған болатын. Ер адам 45 метрлік өткелге құлап кеткен.


10 жыл бұрын қайтыс болған сатушының денесі тоңазытқыштың артынан табылды

ERNUR.KZ. 10 жыл бұрын қайтыс болған сатушының денесі тоңазытқыштың артынан табылды, деп жазады sn.kz.

Американың Айова штатындағы Каунсил-Блафс қаласында 10 жыл бұрын жоғалып кеткен сатушының денесі табылды. Мәйіт ағымдағы жылдың қаңтарында бұрындары жабылып қалған дүкеннің тоңазытқышының маңынан табылған. Бірақ, дененің жатқанына біраз уақыт болғандықтан оның тұлғасы енді ғана анықталып, жоғалып кеткен сатушы екені белігілі болды.

Ол азаматқа 2009 жылы іздеу салынған болатын. Ер адам 45 метрлік өткелге құлап кеткен. Оның көмек қолын созуға шақырған айқайларын тоңазытқыштың дауысынан ешкім естімеген болуы керек. Бұл оқыс оқиға ретінде тіркелді. Тергеу амалдарын жүргізген полиция қызметкері бұндай оқиғаның алғашқы рет орын алғанын айтты.

Ал дүкеншінің анасының айтуы бойынша ұлы жоғалып кетуден бір күн бұрын көзіне әртүрлі нәрселер елестеген көрінеді. Ол жүрегінің қатты соққанын сезіп, бұл жағдайда қант көмектеседі деп ойлаған. Тіпті ұлы «қант же» деген ішкі дауыстарды естіп жүргенін айтып таңқалдырған көрінеді. 2009 жылы әйел ұлы дүкенде болуы мүмкін деп болжаған. Өйткені сатушы уақытының көп бөлігін сол жерде өткізген екен.