Uzbekistan Airways бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қалпына келтірді.
ERNUR.KZ. Өзбекстан Қазақстанмен арада қатынайтын әуе рейстерін қалпына келтірді. Атап айтқанда, Ташкент – Алматы – Ташкент бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет (жұма күні) ұшады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Uzbekistan Airways АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркия елдерімен арадағы тұрақты әуе рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады.
- Ташкент – Дубай-Ташкент – 4 қыркүйектен бастап аптасына бір рет (жұма);
- Ташкент – Франкфурт – Ташкент – 10 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (бейсенбі);
- Ташкент – Алматы – Ташкент – 11 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (жұма);
- Ташкент – Бішкек – Ташкент – 14 қыркүйектен бастап аптасына 1 рет (дүйсенбі);
- Ташкен – Ыстамбул – Ташкент – 4, 7, 11, 14, 16, 18, 21, 23, 24, 25, 28 және 30 қыркүйек күндері.
Аталған елдерден Uzbekistan Airways АК рейстерімен Өзбекстанға ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.
Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.