15 жасар қыз TikTok-тағы бейнежазбасы үшін әкесі мен жездесінің қолынан қаза тапты

0
366

Әкесі қызына TikTok-та видео түсіруді тоқтатуды ескерткенін айтты, алайда қызы оны тыңдамаған.


15 жасар қыз TikTok-тағы бейнежазбасы үшін әкесі мен жездесінің қолынан қаза тапты

Фото: pexels

ERNUR.KZ. АҚШ-та туып-өскен 15 жасар қыз TikTok-та видео түсіргені үшін Пәкістанның Балужистан провинциясында әкесі мен жездесінің қолынан қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

The Tribune дерегінше, полиция "ар-намысты таптағаны үшін өлтірдік" деп қылмыстарын мойындаған екі айыпталушыны қамауға алды.

"Әкесі қызына TikTok-та видео түсіруді тоқтатуды ескерткенін айтты, алайда қызы оны тыңдамаған. Сондықтан ол күйеу баласымен бірге, олар туған қаласы Кветтада болған кезде өлтіруге шешім қабылдады", – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, олар қызға үйінің жанында оқ жаудырған. Жасөспірім ауруханаға барар жолда жан тәсілім еткен.

Марқұмның отбасы 28 жыл бойы АҚШ-та тұрып келеді. Бұл оның туыстарының үйіне алғашқы сапары болған.