205 үй тұрғызбақ болған қазақстандық олигархты ағылшындар сотқа бермек (фото)

0
788

Ағылшындар қазақстандық миллионердің Англияда 205 үй салу шешіміне қарсы шыққан.


205 үй тұрғызбақ болған қазақстандық олигархты ағылшындар сотқа бермек (фото)

ERNUR.KZ. Англияның DAILY MAIL басылымы қазақстандық олигархты ағылшындар сотқа бермек, деп жазады kaz.nur.kz.

DAILY MAIL "Форбс" нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесмені қатарына енетін Нұрлан Бизақов туралы ауқымды мақала жариялады. Шетел басылымының мәліметіне сәйкес, ағылшындар қазақстандық миллионердің Англияда 205 үй салу шешіміне қарсы шыққан.

XII ғасырдан бері сақталып келген Шығыс Сассекс графтығындағы Шығыс Хотли елдімекенінің тұрғындары мұнай бароны Нұрлан Бизақовтың аталмыш өңірде 205 үй салуына қарсы шыққанымен, басылымның ақпараты бойынша жергілікті кеңес бұл шешімге рұқсат берген.


"Тұрғындар бұл үйлер өңірдің тарихи келбетіне зиян келтіретінін айтып, оны сотқа бермек ниетте, алайда Бизақовтың райынан қайта қоюы екіталай. Нұрлан Бизақов 200-ден астам үйі бар үлкен поместье тұрғызбақ. Алайда 1600 жергілікті тұрғынның кейбірі бұған қарсы шығып отыр", - деп жазған басылым.



"Бизақов 100 млн фунт стерлинг тұратын "Қазфосфат" компаниясының иесі атанғаннан кейін 2007 жылы Европаның жарыс аренасына шыққан болатын. Енді ол Шығыс Хотлиде 205 үй салмақ. Соңғы онжылдықта ол британиялық ат жарысында маңызды фигураға айналып, бұл салаға аста-төк қаражат құюымен рекорд орнатқан болатын. Басында Хесмондстағы 400 акр жерден құралған ат зауытын сатып алған оны жергілікті тұрғындар қуана қарсы алған еді. Олар Бизақовтың инвестициясын құптағанымен, енді оны сотқа бермек. Тұрғындар жергілікті Уилден кеңесінің шілде айында Бизақовқа жоспарын іске асыруға берген рұқсатына қарсы шығып отыр", - деп жалғастырды басылым.


DAILY MAIL мақаласында компания қатысушыларының бірінің сөзін де келтіріпті.


"Бәрі миллиондар құйған Бизақовты ұлы тұлға санап келді. Алайда мұндай ауқымдағы құрылыс 1000 жылдан астам тіршілік етіп келген теңдессіз ауылды жояды", - деген екен Джонатан Уокер есімді кампания қатысушысы.



Олигарх аталмыш елдімекенде Бонд стиліндегі заманауи жекежай тұрғызған екен.