Ұлбыританиялық мұғалім оқушылары сөйлейтін 35 тілді үйренгені үшін 1 млн доллар сыйақы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото: life.ru
Ұлбыританиялық мұғалім оқушылары сөйлейтін 35 тілді үйренгені үшін 1 млн доллар сыйақы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru сайтына сілтеме жасап.
Мұндай көлемді сыйақыны өткен жылы Varkey Foundation қайырымдылық қоры ұйымдастырған.
Ұлыбританиядағы қалалық мектептердің бірінде сабақ беретін мұғалім өзінің жұмысына «жан-тәнімен берілгені» үшін 1 млн доллар сыйақы алды. Андрия Зафираку елдің ең тұрмысы төмен аймағының бірі Бренте қалашығында орналасқан Alperton мектебінде шәкірт тәрбиелейді. 39 жастағы мұғалима бұл мектепте әртүлі ұлт өкілдері мен тұрмыс жағдай түрлі дәрежедегі балалар білім алатындығына орай, ата-аналарға да қолайлы болсын деп 35 тілде сәлемдесуді үйреніп алған. Оның ішінде тіпті, хинди, гуджарати және тамиль тілі де бар.
Андрия мұндай дәрежедегі сыйақы алған Ұлыбританиядағы ең алғашқы ұстаз болды. Салтанатты рәсім Дубай қаласында өтті.