40 жылдан кейін Жер бетінде мұз дәуірі қайта басталуы мүмкін

0
140

Зерттеу нәтижесі климаттың өзгеруі әр 300–400 жыл сайын қайталанып отыратын табиғи цикл екенін көрсетті.


40 жылдан кейін Жер бетінде мұз дәуірі қайта басталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ресей мен Финляндия ғалымдарының бірлескен зерттеуі Жер планетасы айтарлықтай салқындайтынын көрсетті. Бұл құбылыс жаңа шағын мұздық дәуіріне алып келуі ықтимал. Зерттеу нәтижесі Geosciences журналында жарияланды, деп жазады baq.kz.

Ресей ғылым академиясының Кольский атындағы ғылыми орталығы мен Финляндияның Табиғи ресурстар институтының мамандары соңғы 7600 жыл ішіндегі ағаш шеңберлерінің хронологиясын талдап, жасанды интеллектінің көмегімен 2063 пен 2073 жылдар аралығында кезекті суыту кезеңі болатынын анықтаған, - деп жазды turkystan.kz.

РҒА КҒА-ның жетекші ғылыми қызметкері Елена Касаткина алдағы суытудың салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай өзгерістер төтенше ауа райына және әлеуметтік күйзелістерге себеп болады. Бұған дейінгі 1645–1715 және 1310–1370 жылдар аралығындағы шағын мұз дәуірлері климаттың күрт өзгеруі қандай қиындықтар әкелетінін көрсеткен.

Ғалымдар мұндай суытуларды күн белсенділігінің төмендеуімен және жанартаулардың атқылауымен байланыстырады. Күн сәулесінің азаюы уақытша болса да, адамның іс-әрекетінен туындаған жаһандық жылыну процесін баяулатуы мүмкін. Алайда бұл құбылыстың ұзақмерзімді салдары адамзат үшін аса қауіпті болмақ.

Зерттеу нәтижесі климаттың өзгеруі әр 300–400 жыл сайын қайталанып отыратын табиғи цикл екенін көрсетті.