​ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ауысқан сайын КОСМЕТИКАНЫ да ауыстыру керек пе?

0
101

Жаздай қолданған косметикалар қысқа жарамауы мүмкін


​ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ауысқан сайын КОСМЕТИКАНЫ да ауыстыру керек пе?

Сурет: ЖИ

Бьюти-индустрия үш ай сайын жаңа коллекция шығарып, күтім құралдарымыз бен бояуларымыз ескіріп қалғандай әсер қалдыруға шебер. Шын мәнінде оларды әр жыл мезгілінде ауыстыру міндетті ме?

Бұл тұрғыда косметикалық сөмкедегі заттарды екі топқа бөліп қарастыру керек. Кей заттарды маусымға қарай өзгертеміз, ал кейбірі жыл бойы жарай береді.


Тоналды крем. Маусым сайын өзгерту міндетті жалғыз өнім. Қыстағы мен жаз соңындағы тері реңінде айырмашылық болмай тұрмайды. Бір тонды екі мезгілде де жақса, қыста сұрланып, жазда сарғайып көрінуі мүмкін. Қайта-қайта ауыстырғыңыз келмесе, тиімді жолы бар. Бірден екі түрлі реңкті алып, қажетті пропорцияда араластырып қолдану.


Текстуралар. Тығыз кремді румяна қысқы қолдануға арналған. Оны жазда жақса, ағып кетеді. Ал жазға лайық нұсқа – құрғақ пудра. Бірақ оны күн суығасын тоқтату керек, әйтпесе терінің түлеуін айқындап көрсетеді. Бұл жерде түсті емес, форматты ауыстыру маңызды. Реңк нөмірі өзгеріссіз қалады, тек құрамы мен физикасы өзгереді.


Бекіткіш спрей. Жаздың аптабында бетті терлетпей тұру үшін құрғатқыш, төзімділік пен күңгірттеу эффекті қажет болады. Ал суық мезгілде, керісінше, теріні құрғатпайтын, ылғалдандыратын фиксатор түрін таңдау керек. Бұл тұста спрей мен праймердің маңызы зор.


Не нәрсені ауыстырудың қажеті жоқ?

Далап, тушь, қарындаштар мен қасқа арналған өнімдер. Ерін далабының түсі күнтізбеге емес, гардероб пен көңіл-күйге байланысты таңдалады. «Қысқы» далап деген ұғым жоқ, тек сізге жарасатын далаптар бар.


Маусым ауысқанда ұмытпау керек 3 ереже

  1. SPF қорғанысы жыл бойы қажет. Көпшілік күннен қорғайтын кремдерді тек жазда қолданады. Шын мәнінде, көктемде күн белсенділігі артып, қыста ақ қардан сәуле шағылысқанда да теріні қорғау маңызды. Сондықтан жазда ауыр құрамды күннен қорғатын өнім қолдансақ, қысқа қарай құрамында SPF бар жеңіл ылғалдандырғыш өнімдерді немесе праймерлерді таңдаңыз.
  2. Косметиканы дұрыс сақтау. Жаздағы аптап пен қыстағы батареяның ыстығы косметика формуласын бұзып жібереді. Әсіресе жеңіл гельдер мен сергітетін спрейлерді салқын жерде, мәселен, тоңазытқышта сақтаған әлдеқайда тиімді.
  3. Жарамдылық мерзімін тексеру. Әдетте, қаптамаларда құтының ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі «6M», «12M» сынды таңбаланады. Бұл мысалдағы белгілерді «ашылғаннан кейін 6 ай (12 ай) қолдануға жарамды» деп түсіну керек. Жазда ашылған, бірақ қысқы маусымға сай келмейтін өнімді сақтап, келесі жылғы жазда қайта қолдануға болмайды.

Дайындаған: Х. ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жаңбырлы ауа райында макияжды бұзбай сақтаудың жолдары