Израиль билігі 2021 жылдың қараша айында балаларды вакциналаудың жасын 12-ден 5-ке дейін төмендеткен болатын.
Иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 вакциналарын енгізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
Өткен аптада жергілікті сарапшылар тобы осы жас аралығындағы балаларды вакциналау керектігін айтқаннан кейін, министрлік көп ұзамай олардың ұсынысын қабылдады. Ведомствоның айтуынша, мақұлданған вакциналардың қауіпсіздік профилі жоғары, яғни балалардың денсаулығына тигізетін жанама әсері өте аз.
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның әсіресе иммундық жүйесі әлсіз, сонымен қатар қосалқы аурулары бар балаларға ұсынылатынын мәлімдеді.
Израиль 2021 жылдың қараша айында балаларды вакциналаудың ең төменгі жасын 12-ден 5-ке дейін төмендеткен болатын. Содан бері бұл елде 5 жастан 11 жасқа дейінгі 1 миллион баланың 22,8 пайызы екпе салдырды.