26 мамырда тәртіп сақшылары әйелді тұтқындап, полиция бөліміне жеткізген.
ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны зейнетақы алу үшін 15 жыл бойы әжесінің денесін жертөледе сақтаған, деп жазады Tengrinews.kz.
Жантүршігерлік қылмыс Пенсильвания штаты Уоррингтон Тауншип қаласында болған. 2019 жылдың ақпанында Гленора Делахей есімді зейнеткердің денесі табылыпты. 1 жылдан соң құқық қорғау орғандары қаза тапқан зейнеткердің 62 жастағы Синтия Блэк есімді немересінің ізіне түскен. 26 мамырда тәртіп сақшылары әйелді тұтқындап, полиция бөліміне жеткізген. Тергеу барысында ол әжесінің 2004 жылы 97 жасында қайтыс болғанын айтқан.
Синтия Блэк әжесін жерлеуге асықпапты. Себебі ол әжесінің зейнетақысын және басқа да әлеуметтік төлемдерін алып, өз ипотекасын төлеуді ойлаған. 62 жастағы әйел мәйітті жертөлеге сүйреп апарып, үлкен мұздатқышқа салып қойыпты.
Полиция Синтия Блэкке "ұрлық жасады, мүлікті заңсыз иеленді және өлікті қорлады" деген айып тақты. Алдын ала тыңдау 10 маусымға белгіленді.