6G қашан және қай елде пайда болатыны айтылды

0
718

6G 5G-мен салыстырғанда 10 есеге көп жылдамдықпен жұмыс істеп, кез келген мәліметтің жедел таралуына әсер етеді.


6G қашан және қай елде пайда болатыны айтылды

ERNUR.KZ. Жапония 2030 жылға қарай 6G байланысын іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл байланыс түрін Ішкі істер және коммуникация министрлігі Токио университетінің ғалымдарымен бірігіп жүзеге асырмақшы.

Мамандардың айтуынша, 6G 5G-мен салыстырғанда 10 есеге көп жылдамдықпен жұмыс істеп, кез келген мәліметтің жедел таралуына әсер етеді. Осы жоба аясында Жапония 2,03 миллиард доллар жұмсамақшы.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп та 6G байланысын іске қосу қажет екенін айтқан болатын.

"Мен Америка Құрама Штаттарында 5G және 6G форматында интернеттің тезірек іске қосылғанын қалаймын. 6G өте мықты, жұмыс істеу технологиясы да жылдам. Америкалық компаниялар өз кезегінде барынша тырысуы керек, әйтпесе басқалардан қалып қалады", - деп жазған еді Трамп 2019 жылдың басында Twitter желісіндегі парақшасында.