70 жылдан астам уақыт кептелісте тұрған автокөліктер

0
998

Көліктерді америкалық сарбаздар АҚШ –қа дейін жеткізе алмай тастап кеткен.


70 жылдан астам уақыт кептелісте тұрған автокөліктер

ERNUR.KZ. Қорқынышты бейнелер «Ходячие Мертвецы» фильміндегі эпизодтарды еріксіз еске түсіреді. Бірақ суреттің бәрі Бельгиядағы Шатийонедегі әлемдегі ең ірі автокөліктер зираттарының бірінде түсірілген, деп жазады elorda.info.

Кең таралған аңызға сәйкес, бұл көліктерді екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық сарбаздар АҚШ –қа дейін жеткізе алмай тастап кеткен. Олар кейіннен келіп алып кетулері үшін көліктерді орманға тығып кетуге шешім қабылдаған. Бірақ жергілікті тұрғындар бұл аңызды жоққа шығаруда. Олар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған ескі көліктердің арнайы үйіндісі деп айтады.

Бір кездері Шатийонда 500 ретро автокөлігімен төрт қойма болған. Олардың көпшілігін пысық бельгиялықтар тасып алып кеткен, сондай-ақ 2010 жылы экологияны ластауына байланысты көлік зираты жойылды.