Стоматологтың айтуынша, алғашқы сүт тістер баланың 3-8 айлығында шығады. 13-19 айында төрт уақытша азу тістер жарып шықса, 16-22 айлығында үстіңгі және астыңғы ұры тістері пайда болады.
ERNUR.KZ. Сүт тістер түсіп қалған соң оның орнына азу тістер шығатыны белгілі. Алайда бұл үрдіс ұзақ уақытқа, тіпті 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Стоматолог дәрігер Анастасия Белолипецкая адамның алғашқы және соңғы тістері қай жаста шығатыны туралы айтып берді, деп жазады stan.kz.
Стоматологтың айтуынша, алғашқы сүт тістер баланың 3-8 айлығында шығады. 13-19 айында төрт уақытша азу тістер жарып шықса, 16-22 айлығында үстіңгі және астыңғы ұры тістері пайда болады.
“4 жастан 7 жасқа дейінгі кезеңде балалардың тістері босап, түсе бастайды. Олардың орнына тұрақты тістер шығады. Әдетте, бұл үрдіс астыңғы тістерден басталады. Сүт тістер түсе бастаған кезде тұрақты молярлы тістер шығады. Сүт тістердің орнына шыққан тістер өмір бойына қалады”, – дейді Анастасия Белолипецкая.
Тұрақты тістердің шығу мерзімі төмендегідей:
Төменгі жақтан бастап алдыңғы бірінші күрек тістері 6-8 жаста, екінші күрек тістері 7-9 жасында , үшінші күрек тістері (клык) 10-13 жасында, бірінші үлкен азу 5-6 жасында, бірінші кіші азу (премоляр) 9-10 жасында, екінші кіші азу (премоляр) 11-12 жасында, екінші үлкен азу 12-13 жасында, үшінші азу (ақыл тіс 8-ші) 18-ден бастап 25-ке дейін одан да ары кетуі мүмкін.
Ақыл тістер ең соңынан шығады. Бірақ ақыл тістер бәрінде бірдей шыға бермейді. Ересектердің 35%-да 28 тұрақты тіс бар. Ақыл тістер 18 жастан кейін шығады.
Ақыл тістердің егде жаста да шығуы мүмкін. Дәрігерлер тәжірибеде 80, 92 жаста да ақыл тіс шыққан жағдайлар болғанын айтады.
Қандай жағдайда ақыл тістерді жұлдырып тастайды?
- Ақыл тістер қызылиекті жарып шыға алмаған жағдайда олар адамға қолайсыздық тудырады. Тамақ жеу кезінде ауырады. Нәтижесінде қызылиекте ісік пайда болады.
- Ақыл тісі толық өспеген жағдайда жақ сүйегінің шетіне тіс щеткасының жетуі қиын. Тіс тазалағанда бұл жағдаймен күнделікті бәріміз де кездесеміз. Ал толық өспеген тіс тісжегінің ошағына айналатыны табиғи жағдай. Олар уақыт өте келе басқа сау тістерге өтеді.
- Ақыл тісі шығатындай жақ сүйегінде жеткілікті орын болмаса, шығып жатқан тістер ұдайы қозғалыста болады. Орын іздеп басқа тістерді орнынан қисайтады. Кейде тісте болатын аурулар осының салдарынан келіп шығады.