ШЫМКЕНТ: ​КЕЗЕКТІ 50 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

0
52


ШЫМКЕНТ: ​КЕЗЕКТІ 50 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

ERNUR.KZ. Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған бағдарлама аясында тағы 50 пәтер бөлінді. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.


Көп қабатты үйлер Асар-2, Бозарық, Тұран шағынаудандары мен 189-орамда орналасқан. Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беру шарты негізінде ұсынылды. Яғни, қарапайым жалдау жүйесінен ерекшелігі – тұрғындар кейіннен баспананы өз меншігіне рәсімдей алады.

Жаңа пәтерлерге мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, жалғызбасты аналар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер ие болды.

Аталған санаттағы азаматтарға мұндай қолдаудың маңызы ерекше. Бұл мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Баспаналар белгіленген талаптарға сәйкес бөлінеді. Осылайша кезекті пәтерлерді табыстау рәсімінде мемлекеттік қолдауға ие болған қала тұрғындарының саны артты.