Әйел 3 кішкентай баланы «өртеп жіберемін» деп қорқытты

0
1 441

Әлеуметтік желіде Өзбекстанда әйелдің 3 кішкентай бүлдіршінге қатыгездік көрсетіп, өртеп жіберемін деп тікелей қорқытқан видеосы тарап кетті.


Әйел 3 кішкентай баланы «өртеп жіберемін» деп қорқытты

ERNUR.KZ. Өзбекстан Балалар омбудсменінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді, деп жазады inform.kz.

«Бұл жағдай Хорезм облысының Үргеніш ауданында болды. Қазіргі уақытта жағдайды толық анықтау үшін Ішкі істер органдары жедел тергеу жұмыстарын бастады. Бұл оқиғаны Балалар омбудсмені ерекше бақылауға алды», - делінген хабарламада.

Балаларға қатысты мұндай қылмыстық әрекеттерді олардың ата-аналары немесе басқа жақын туыстары жасағанына қарамастан, кінәлі тұлғалардың заңға сәйкес жауапқа тартылуы қамтамасыз етіледі.