Шу облысының ішкі істер департаментіне Сокулук ауылының тұрғыны балаларын көруге рұқсат бермей жүрген бұрынғы әйеліне шара қолдануды сұрап арызданған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Сокулук ауданында әйел күйеуі отбасынан кете сала кішкентай балаларын сатып отырған, деп жазады stan.kz.
Деректерге сай Шу облысының ішкі істер департаментіне Сокулук ауылының тұрғыны балаларын көруге рұқсат бермей жүрген бұрынғы әйеліне шара қолдануды сұрап арызданған.
“Оның айтуынша, бұрынғы әйелі түрлі сылтаумен балаларының жанына жолатпаған. Ал қарым-қатынасын жақсартуға тырысқан кезде олар әркез үйде болмаған. Бұл ер адамға күдік тудырған", - делінген хабарламада.
Балалармен кездесуден бас тарту фактісі Сокулук аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тергеу жүргізіле бастаған.
"Әйел 2 жасар қызын Мәскеу ауданының тұрғынына сатып жіберген. 2022 жылдың 28 сәуірінде ол ұл босанып, кейін оны К атты адамға сатқан. 2023 жылдың 16 наурызында тағы қыз баланы дүниеге әкеліп, оны М атты азаматшаға сатып жіберген", - деп нақтылады құқық қорғау органдары.
Деректерге сай, әйел күйеуі отбасынан кеткеннен кейін балаларын сата бастаған.
Аталған факті бойынша Сокулук АІІБ-де Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабы "Балаларды сату" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері әйелді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сокулук ауданының тергеу судьясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Үш бала да табылды. Тергеу жалғасып жатыр.