Аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті

0
2 547

Оқыс оқиғадан әйел де, ер адам да қайтыс болған.


Аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті

ERNUR.KZ. Перуде аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті, - деп жазады Тengrinews.kz.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 34 жастағы Мейбет Эспиноза мен 36 жастағы Гектор Видаль түнгі клубтан үйге қайтып келе жатқан. Сосын екеуі көпірге келіп тоқтаған. Келіншек рельске отырып, жігітін аяғына орап алған кезде тепе-теңдікті жоғалтқан. Ер адам көпірден ұстанып қалуға тырысты, алайда онысынан түк шықпаған.

Ескерту! Бұл видео психикалық ауытқулары бар адамдарға, аяғы ауыр келіншектер мен 18 жастан аспаған адамдарға көруге болмайды.


Оқиға нәтижесінде Мейбет ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ал ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмған. БАҚ хабарлауынша, олар альпинист болған. Екеуі қалаға гид болып жұмыс істеу үшін келген. Полицейлердің хабарлауынша, екеуі қайғылы оқиға орын алғанға дейін мас күйде болған.