Ақ үй Украинаға әскерилер мен кеңесшілер жіберілмейтінін мәлімдеді

0
317

Украина АҚШ-тың көмек жіберуінің кешігуіне байланысты тығырыққа тірелді.


Ақ үй Украинаға әскерилер мен кеңесшілер жіберілмейтінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. АҚШ Украинаға әскери қызметкерлерді, кеңесшілер мен нұсқаушыларды жібермейді, деп мәлімдеді Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан, деп жазады sputnik.kz.

"Украинадағы украиндарды даярлау үшін сарбаздар, әскери кеңесшілер немесе жаттықтырушылар жіберуді жоспарлап отырған жоқпыз", - деді ол Францияға сапар аясында өткен брифингте.
Сонымен бірге, Салливан Украинаға жеткізілген америкалық қару-жарақ Киев үшін қалыптасып жатқан күрделі жағдайды өзгертіп жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Украина АҚШ-тың көмек жіберуінің кешігуіне байланысты тығырыққа тірелді.
АҚШ президентінің көмекшісі украиналықтар қазір осы тығырықтан шығып жатыр деп, Вашингтон Украина қарулы күштері алдағы уақытта қорғанысты ұстап қана қоймай, сонымен бірге шабуылға көшетініне үміттенеді деп айтты.