​АҚШ 100 мыңнан астам визаның күшін жойды

0
87

Бұл туралы cыртқысаяси ведомствоның Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарланды.


​АҚШ 100 мыңнан астам визаның күшін жойды

Фото: montsame

ERNUR.KZ. АҚШ Мемлекеттік департаменті қылмыстық әрекетке байланысты 100 мыңнан астам визаны қайтарып алды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы cыртқысаяси ведомствоның Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарланды.

Атап өтілгендей, АҚШ құқық қорғау органдарымен байланысы болған қылмыстық әрекетке қатысты адамдарға арналған шамамен 8 мың студенттік және 2 500 мамандандырылған визаның күші жойылған.
– Біз Американың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл қылмыскерлерді депортациялауды жалғастырамыз, - делінген жарияланымда.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті 6 мыңнан астам халықаралық студенттік визаның күшін жойғанын жаздық. Бұл елде заң бұзу мен мерзімі біткен соң да қалу жағдайларының көбеюімен түсіндірілді.
Сондай-ақ АҚШ Орталық Азия азаматтарына 15 мың АҚШ долларға дейін визалық кепіл енгізгенін хабарлаған едік.